№1-тапсырма. Топтық жұмыс.Толғауды түсініп оқып, сұрақтарға жауап бер.
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?!
Еңсесі биік боз орда
Еңкейе кірер күн кайда?!
Қара бұлан терісін
Етік қылар күн қайда?!
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда?!
Күмбір, күмбір кісінетіп,
Күренді мінер күн қайда?!
Толғамалы ақ балта
Толғап ұстар күн қайда?!
Алты құлаш ақ найза
Ұсынып шаншар күн қайда?!
Садақ толған сайгез оқ
Масағынан өткеріп,
Басын қолға жеткеріп,
Созып тартар күн қайда?!
Кетбұғадай билерден
Кеңес сұрар күн қайда?!
Еділдің бойын ен жайлап,
Шалғынға бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан
Бозбаламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?
«Кім жылдам» әдісі
Толғауда не туралы айтылған?
Толғауды оқып отырып, қандай сезімге бөлендің?
Толғау қай шақта жазылған?
Автордың арманы не?
Дескриптор:
Үзіндіні түсініп оқиды; (1 балл)
Сұрақтарға жауап береді. (1 балл)
2-тапсырма.
Жұптық жұмыс. Толғау үзінділерін пайдаланып, «Графикалық органайзер» әдісімен кестені жаз.
жағдаят
|
проблемалық сұрақтар
|
толғауда көтерілген проблема
|
көтерілген проблеманың идеясын түсіндіріп жаз
|
|
|
|
|
Дескриптор:
Әлеуметтік-қоғамдық мәселені көтеретін жағдаятты табады; (1 балл)
Проблемалық сұрақтар құрастырады; (1 балл)
Көтерілген проблеманы анықтайды; (1 балл)
Идеясын түсіндіреді. (1 балл)
3-тапсырма. Жеке жұмыс. «Кемпірқосақ» әдісі. Толғау үзінділерінен әдеби көркемдегіш құралдарды тауып, берілген сызбаны толтыр.
Дескриптор:
Толғау үзінділерінен троп түрлерін анықтайды; (1 балл)
Троптың түрлерін бір бірінен ажыратып сызбаны толтырып жазады.; (1 балл)
ЕБҚ оқушылар үшін тапсырма. «Кемпірқосақ» әдісі.
Берілген толғау үзінділеріне сәйкес келетін троп түрлерін анықтап, дұрыс жауапты бірдей түсті қарындашпен боя.
Дескриптор:
-Кесте бойынша толғау үзінділерінен троп түрлерін анықтайды; (1 балл)
-Сәйкес келген дұрыс жауапты бір түсті қарындашпен бояйды. (1 балл)
4-тапсырма. «Еркін микрофон» әдісі
Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырма.
Берілген картаны пайдаланып Жайық , Еділ өзендерін тап.
Еділ мен Жайық бойын мекендеген халықтың Доспамбет жырау заманындағы әлеуметтік қоғамдық өмірін қазіргі кезбен салыстырып әңгімелеп бер.
Дескриптор:
-Карта бойынша Еділ,Жайық өзенін анықтайды; (1 балл)
-Еділ мен Жайық бойын мекендеген халықтың Доспамбет жырау заманындағы әлеуметтік қоғамдық өмірін қазіргі кезбен салыстырып әңгімелеп береді.(1 балл)
|
Толғауды түсініп оқиды.
«Кім жылдам» әдісі арқылы
оқушылар берілген сұрақтарды топпен талқылап, жылдам қол көтеру арқылы жауап береді. Берілген сұрақтың мағынасын түсініп, толғаудың үзінділерінен мысал келтіре отырып, ойын толық жеткізеді.
Берілген толғауды жұппен талқылап, әлеуметтік қоғамдық мәселені көтеретін жағдаятты жазады. Жазылған жағдаятқа сай проблемалық сұрақтар құрастыра отырып, толғауда көтерілген проблеманы анықтайды. Автордың айтқысы келген ойын , идеясын айқындап кестені толтырады.
Толғау үзінділерінен әдеби көркемдегіш құралдарды тауып,
шеңбер бойымен орналастырып жазады. Троп түрлерін бір-бірінен ажыратады.
Берілген толғау үзінділерін пайдаланып, алдымен дұрыс жауабын анықтап сәйкестендіріп алады. Түрлі түсті қарындаштың көмегімен сәйкес келген дұрыс жауапты бір түсті қарындашпен бояйды.
|
Мадақтау
(Жарайсың! Тамаша!)
Бағалау шкаласы
2 балл
Бағалау шкаласы 4 балл
Бағалау шкаласы 2 балл
/жұлдыз/
Бағалау шкаласы 2 балл
/жұлдыз/
Бағалау шкаласы 2 балл
/жұлдыз/
|
№2
№3
№4
№5
|