Үйге тапсырма
|
8-тапсырма. «Әр мекені елімнің – қарашығындай көзімнің» деген тақырыпта өздерің тұратын аймақтағы өзен-судың бүгінгі жай-күйі туралы эссе жазыңдар.
Дескриптор:
-Тақырыпты ашады;
-Көркемдегіш құралдарды қолданады;
-Эссенің жазу стилін сақтайды.
ЕБҚ оқушы үшін үй тапсырмасы
Берілген сюжетті суреттердің негізінде «Әр мекені елімнің – қарашығындай көзімнің» тақырыбында 80-90 cөз көлемінде шағын әңгіме жаз.
Дескриптор:
-Тақырыпты ашады;
-Сюжетті суреттерді толық қолданады;
-Әңгіменің жазу стилін және сөз санын сақтайды.
Дарынды оқушы үшін үй тапсырмасы
«Әр мекені елімнің – қарашығындай көзімнің» тақырыбында эссе жаз. «Айналайын, Ақ Жайық» өлеңінен мысал үзінді келтіріп, автордың туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілігін айқындап жаз.
Дескриптор:
-Тақырыпты ашады;
-Эссенің жазу стилін сақтайды;
- Туған жерге деген автор көзқарасына анықтап жазады.
|
Мұғалім ұсынған үй тапсырмасын күнделіктерінежазып алады . Тапсырма түрі мен бағалау дескрипторымен танысады. Дәптерлеріне жазады.
|
Үй тапсырмасына қойылатын балл – 3 балл
(келесі сабақта қойылады)
|
Сабақтың аяқталуы.
3 минут
2 минут
|
Рефлексия
«Шығу парағы» әдісі
Сабақ үдерісінен оқып білген, түсінген мағлұматтарына сәйкес талдау жасап, алған әсерін жинақтап, өз-өзіңе баға бер. Кері байланыс жасап, шығу парағын толтыр.
Бағалау дескрипторы:
Бірін-бір бағалау стратегиясы
«Бағалау парағы» әдісі
|
Сабақ үдерісінен алған әсерімен бөлісіп, талдау жасай отырып,
Шығу парағын толтырады
Бағалау шкаласы негізінде топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.
|
|
№ 7
№ 8
|