Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Қ. Сәтпаев атындағы №19 мектеп-гимназиясы» кмм бекітемін



бет2/4
Дата15.12.2023
өлшемі26,28 Kb.
#138093
түріПрезентация
1   2   3   4
1-оқушы: М.О. Әуезов: «Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қ1олымен әлемді тербетеді.»
2-оқушы: В. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».
3-оқушы: В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя».
4-оқушы: О. Бальзак: «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ».
5-оқушы: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
Жүргізіші: Мереке жайлы көбірек білуіміз үшін, аталмыш мейрамның пайда болу тарихын баяндап берейін.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні 1910 жылы Копенгагенде өткен Әйелдердің халықаралық екінші конференциясында мейрам ретінде бекітілген. Конференцияда 8 наурызды жұмысшы әйелдер күні деп белгілеп, жыл сайын оны Халықаралық әйелдер пролетариатының ынтымақтастық, достығы мен бірлік күні ретінде атап өту ұйғарылды.

Мереке алғаш рет 1913 жылы Ресейде тойланды.
8 наурыз қарсаңындағы күндерді жаңа жыл алдындағы күндермен салыстыруға болады: дүкендерге адамдардың көп келңп, көптеген сыйлық түрінің сатып алады. Мереке алдында ер адамдар қауымы әуре-сарсаңға түседі. Олар анасын, әжесін, әйелін, әпке-қарындастарын тиісінше қалай құттықтау керектігі туралы салмақты ойға батады. Мінекей, 8 наурыз мейрамы да келді. Әйелдер қауымының құшағы толы гүл шоқтары. Бұл күні олар қаншама жылы сөз естиді десеңіздерші!

8 наурыз – қуанышқа, мейірімге, шаттыққа толы мереке. Бұл күні балалар өз қолымен сыйлықтар жасайды. Ол құттықтау қағаздары немесе ине қадауға арналған жастықшалар болуы мүмкін. Қыздар моншақтардан түрлі әшекей бұйымдарын жасап, құрбыларына сыйға тартады. Көптеген сыйлықтарды жақын жандарымызға сыйлаймыз, ең алдымен, ардақты әрі аяулы АНАМЫЗҒА.


(Тарихтың мерекесі айтылып жатырғанда, презентация көрсетіледі)
Жүргізуші: Ал, енді ойын ойнайық!

1-ойын. Тақта алдына 3-5 оқушы өз қалауымен шығады. Олардың көзін байлайды. Тақтаға жабыстырылған қағазға аналарының суретін салу тапсырылады. Салынған суреттерді аналарына сыйлайды.
(Ойын кезі)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет