Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет43/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
Бірінші оқу сұрағы – оқу орындарында алғашқы әскери дайындық сабағын 
заңнамалық негізде ұйымдастыру, бұл оқу сұрағын қарастыра отырып білім 
алушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабының 
талаптарын жеткізу қажет, алғашқы әскери дайындық сабағы оқу орындарында 
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпанындағы «Әскери қызмет және 
әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» заңының талаптары негізінде 
жүргізіледі [48].  
Алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастыру және 
жүргізу тәртібі Мемлекеттік органдардың, мекемелер мен лауазымды 
адамдардың міндеттері «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 
шілдедегі № 347 бұйрығымен анықталады (Нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15725 болып тіркелген) [47]. 
Басшылыққа алынатын құжаттардың талаптарын түсіндіре отырып, білім 
алушылардың санасына АӘТД пәнін оқытудың үлкен мемлекеттік маңызы бар 
екендігін жеткізу қажет.
Осы оқу сұрағында алғашқы әскери дайындық пәнінің мақсаттары мен 
міндеттерін түсіндіру керек.
Екінші оқу сұрағын төмендегідей тұжырымдауға болады: алғашқы әскери 
және технологиялық дайындық сабағын өткізу тәртібі. Осы сұрақты қарастыра 
отырып: оқу бағдарламасының мазмұны және оны орындау ретін түсіндіру; 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні оқулығының мазмұнын; 
білім алушылардың білім мен дағдыларына қойылатын талаптарды қысқаша 
түсіндіру. Бұл бөлімде білім алушылардың міндеттері, сабақтағы және сыныптан 


99 
тыс іс-шараларға қатысудағы мінез-құлықтарының тәртібі түсіндіру ұсынылады, 
АӘТД сабағындағы білім алушыларға тағайындалған киім үлгісі мен оқу 
сабақтарына қажетті оқу құралдары және оларды дайындау уақытын жеткізу 
қажет. 
Үшінші оқу сұрағы – ұйымдастырушылық. Ол мыналарды қамтиды: взвод 
және бөлімше командирлерін таңдау және тағайындау, білім алушыларды 
бөлімшелерге бөлу. Сабақ барысында білім алушыларға сабақ басталуы мен 
аяқталуы кезіндегі командирлер мен білім алушылардың іс-әрекеттерін 
түсіндіріп, көрсетіп және оған жаттықтыру керек. Аталған сабақтар әңгімелесу, 
түсіндіру, көрсету және жаттығулар әдісімен жүргізіледі. 
Сабаққа дайындық және өткізу барысында Қазақстан Республикасының 
Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2012 жылы 16 ақпанындағы 
«Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» Заңы [45], 
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 
бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 
15725 болып тіркелген) [47], «Алғашқы әскери дайындық» оқулығының 
материалдары, әдістемелік басшылықтың жалпы ұйымдастырушылық 
нұсқауларының мәтіндері қолданылды. 
Үлгерімі төмен білім алушылармен оқу процесін ұйымдастырудың 
педагогикалық тәсілдері: 
Құндылықтарға бағытталған ұстаным: 
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным – ол оқу әрекетін белгілі 
бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол 
жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған ұстаным білім 
алушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін 
қалыптастырады. 
Тұлғаға бағытталған ұстаным: 
Тұлғаға бағытталған ұстанымның мақсаты оқу үдерісін дараландыру, оқу 
үдерісінде тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық 
ерекшеліктерін, 
қажеттіліктері 
мен 
жүріс-тұрыс 
уәждерін, 
әлеуетті 
қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты 
дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу. 
Іс-әрекеттік ұстаным: 
Іс-әрекеттік ұстанымның негізгі мазмұны – білім алушы білімді дайын 
күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін 
ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге 
белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және 
кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді. 
Білім алушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша 
топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «синтездейді», «бағалайды».  
Саралап оқыту ұстанымы: 
Саралап оқыту ұстанымы – оқу үдерісін білім алушылардың әртүрлі 
топтарына мамандандырылуын, білім алушылардың жеке қабілеттіліктерін 
ескеру мақсатында әртүрлі топтарға түрлі жағдайларды жасауды көздейді. 


100 
Саралап оқыту ұстанымы әртүрлі білім алушылар тобының оқу әрекетін 
ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау 
тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, 
мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды 
қолдану – сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып 
табылады. 
Коммуникативтік ұстаным: 
Білім берудегі коммуникативтік ұстаным дегеніміз ақпаратты тарату мен 
жариялауда, білім, білік және дағдылармен алмасуда екіден асатын адамдардың 
сөйлеу арқылы атқарылатын әрекеттесу үдерісі. Коммуникативтік ұстанымның 
нәтижесі болып тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі, яғни тілдік және сөйлеу 
нормаларын дұрыс пайдалана және қатынас жағдайына сай тиімді қатынас 
жүріс-тұрысын таңдай отырып, түрлі жағдайларда қатынас әрекетінің басқа 
қатысушыларымен ой бөлісу және алмасу қабілеттілігі болып табылады. 
Коммуникативтік ұстанымға сәйкес ұйымдастырылған оқу процесі, қатынасу 
икемділікті қалыптастыратын тапсырмаларды және шынайы қатынас 
жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды) 
кіріктіру керек. 
Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту: 
Оқу процесінде білімді меңгертуде оқу әдісі ретінде ойын іс-әрекетін 
қолдану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік 
береді. 
Педагогикалық ойын технологияларың басты элементтері – ойын алдында 
білім алушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі 
педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын 
ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Білім 
алушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған 
ойын әдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлауына, 
әртүрлі өнімді іс-әрекет негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре білуіне, өзіндік 
іс-әрекетін жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын таңдауына мүмкіндік 
беріледі. 
Бұл сипатта үлгерімі төмен білім алушылармен жеке тұлғаға бағытталған 
білім беруді күшейту интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы мүмкін 
болады, олар әр түрлі комбинацияларда білім беру процесіне барлық 
қатысушылардың ынтымақтастығы үшін алғышарттар жасайды, өзара қарым-
қатынаста авторитаризмге жол бермейді. Диалогтік және рефлексивті 
технологияларды қолдану білім алушылардың жобалық және зерттеу қызметін 
ұйымдастырумен үйлеседі. Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық 
инновациялық тәсілдері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет әдістерімен 
белсенді алмасуды қамтитын нақты шығармашылық процесте білім 
алушылардың қарым-қатынас моделіне айналдырады. 


101 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет