181
Сонымен үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс тек сабақ барысында
ғана емес, жеке сабақ барысында да жүргізілуі керек. Бұл сабақтардың мазмұны
жеке нәтижеге жету емес, жалпы баланың даму мүмкіндіктерін жақсарту үшін
жағдай жасауға жоспарланған дұрыс. Түзету сабақтарын дайындау және өткізу
кезінде білім алушылардың оқу материалын қабылдау ерекшеліктері және
оларды іс-әрекетке мотивациясының ерекшеліктерін де есте сақтау қажет. Сабақ
барысында әртүрлі дидактикалық ойындарды, жағдаяттарды, ойын-
жаттығуларын, оқу әрекетін бала үшін өзекті және мағыналы ете алатын
тапсырмаларды пайдалану тиімділігі жоғары.
Мектептегі үлгермеушіліктің алдын алу және түзету жолдары сыртқы және
ішкі критерийлер бойынша, үлгермеушіліктің табиғатын ескере отырып және
басқа мамандармен тығыз ынтымақтастықта құрылады. Түзету жұмыстарын
педагогтер мектеп психологымен бірлесе отырып, ұсынымдаманың үшінші
бөлімінде ұсыныс ретінде берілген коррекциялық /түзету/ жұмыстарының
жүйесі берілді. Мектеп психологы үлгерімі төмен білім алушылармен
коррекциялық жұмыс жасау кезіндегі ерекшеліктерді де есепке ала отырып, пән
мұғалімдерімен бірлесе отырып жұмыс жасау ұсынылады.
Әдістемелік ұсынымдамада орта білім беру ұйымдарындағы оқу пәндері
бойынша оқудағы үлгермеушілік бойынша жұмыстарды әдістемелік жағынан
ұйымдастыруды қамтамасыз етудің әдістемесі және әдістемелік ұсынымдар
жобасы ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: