Қазақстан республикасының ОҚу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы филиалы алматы облысы кәсіби даму институты



Дата20.05.2023
өлшемі18,64 Kb.
#95535
Байланысты:
хат конференция


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты, «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының ұйымдастыруымен ұлы гуманист, кемеңгер ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай 2023 жылдың 19 мамырында «Ш.Құдайбердіұлының ғылыми мұрасы:зерттеу,тәжірибе» атты (онлайн-оффлайн форматта) халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.


Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Шәкәрім мұрасы және заманауи оқу-тәрбие үдерісі

  • Шәкәрім ілімі: тарих пен тағылым, дін және философия

  • Шәкәрім және ғылым

  • Шәкәрім шығармаларын оқытудағы озық әдістемелік тәжірибелер

Конференция жұмысына қатысуға ақын мұрасын зерттеуші отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, магистранттары және студенттері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, тренерлер шақырылады.


Пленарлық отырыс 2023 жылдың 19 мамырында «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша КДИ ғимараты, №305 дәрісханада өткізіледі. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Амангелді көшесі 61 үй.
Басталу уақыты сағат 10-00
Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін 2023 жылдың 15 мамырына дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:

  • белгіленген үлгі бойынша қатысуға өтінім;

  • төменде көрсетілген рәсімдеудің талаптарына сәйкес рәсімделген мақала.

БАЯНДАМАЛАРДЫ РӘСІМДЕУДІҢ ТАЛАПТАРЫ
1. Баяндаманың көлемі 5 беттен (А4 форматы) аспауы тиіс. Беттер номерленбейді.
2. Жоғарғы шегі – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1,5 см, сол жағы – 3 см.
3. Шрифт: Тimеs New Roman, кегль – 12. Қатараралық интервал - бірлік.
4. Баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН жазылады, содан соң парақтың ортасына автордың аты-жөні, тегі, жұмыс орны көрсетіледі.
5. Баяндаманың соңына әдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме тік жақшаға алынып, қайталанған жағдайда реттік номеріне сай пайдаланылған әдебиеттің беті көрсетіледі. Мысалы: [7, 3 б.].
6. Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.
7. Шет тіліндегі баяндамаларға қазақ тілінде түйіндеме беру міндетті.
Жұмыстарды қабылдау:
Басқа ұйымдар қызметкерлері үшін: мақаланың электрондық нұсқасы Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына ksaule-nur@bk.ru жіберіледі. Файлдың атауында бірінші автордың тегі, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың аты көрсетілуі тиіс, мысалы: Батырова Шәкәрім өтінім; Батырова Шәкәрім мақала.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындысы бойынша электрондық жинақ шығарылады және материалдар жинағының электрондық нұсқасы .... сайтында орналастырылады.
Мақала мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктеледі. Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп өткізілген және қойылған талаптарға сәйкес емес материалдар қарастырылмайды. Конференцияны ұйымдастыру комитеті баспаға ұсынылатын материалдарды іріктеу құқығына ие.
Байланыс телефондары: 8705 139 3936 Меруерт Кенжеғұлқызы Бисенбаева (Әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор), 8 7073763524 Нұрсәуле Ұқанбайқызы Қылышбекова (Ұйымдастыру комитетінің жауапты тұлғасы)



«Ш.Құдайбердіұлының ғылыми мұрасы:зерттеу,тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысушының өтінімі




Автор (лар)

Тегі, аты, әкесінің аты




Лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы




Мекеме




Байланыс телефоны




E–mail




Баяндама атауы




Секция атауы




Конференцияға қатысуы (іштей, сырттай)






Әрбір тармақ міндетті түрде толтырылуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет