Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет1/2
Дата05.11.2022
өлшемі32,38 Kb.
#47739
  1   2
Байланысты:
ЖОБ 4.3 Теориялық


Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі
Шымкент қаласының білім басқармасы
«Отырар» колледжі



Бекітемін
Басшының оқу ісі жөніндегі
орынбасары _____________Ж.Е.Кадирова
20___ж. "____" ___________



ПӘН БОЙЫНША
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жеңіл атлетиканың мазмұны және қозғалыс техникасы
(пән атауы)

Мамандығы: 01140600 - Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
01120100-Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Біліктілігі: 4S01140601-Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
4S01120102-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдастырудың тәрбиешісі

Оқыту түрі: күндізгі, жоғарғы орта білім базасында


Жалпы сағат саны: 24
Әзірлеуші (лер)___________________

Оқу-әдістемелік комиссия отырысында қаралды және мақұлданды


20____жыл. «______»______№_______хаттама
Төрағасы_______________________________
(қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Шымкент 2022
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Жеңіл атлетиканың мазмұны және қозғалыс техникасы

Үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленген.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған.
Пән мақсаты: білім алушыларды жеке және жас ерекшеліктерін ескере отыра, өз физикалық және психикалық денсаулықтарын нығайтуға ынталандыру, бойда қалыптасқан арнайы спорттық дағдылар мен сапаларды қолданып, сол арқылы олардың дене қабілеттерінің дамуларына ықпал ету.
Міндеттері:
1) денсаулықты нығайту, дененің негізгі физикалық сапаларын дамыту және ағзаның қызмет ету мүмкіндіктерін арттыру; базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық әрекеттерін жетілдіру;
2) өз денсаулығына қамқорлықпен қарау, оны нығайту және сақтау қажеттіліктерін тәрбиелеу;
3) дене шынықтыру және спорттың пайда болу тарихы мен даму ерекшеліктері, салауатты өмір салтын дамытудағы ролі туралы білім деңгейлерін игеру;
4) оқу және жарыс кезіндегі ұжымдық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты орындау және жеке тұлғаның оң қасиеттерін тәрбиелеу;
5) адамгершілік-жігер қабілеттерін қалыптастыру.
" Жеңіл атлетиканың мазмұны және қозғалыс техникасы " пәнін оқыту процесінде білім алушыларға:
1) жеке тазалық ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге; пәндік білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын күнделікті өмірлерінде қолдануға;
2) дене жаттығуларының адамның физикалық және энергетикалық жүйелеріне әсерін білуге;
3) жеке бас пен моральдық-өнегелілік қасиеттерін дамытудың маңыздылығын және әділ бәсекелестік пен өздерін үздіксіз дамытудың қажеттілігін түсінуге;
4) өзінің физикалық дамуын жетілдіруде қимыл-қозғалыс құзыреттіліктерін жақсарту қажеттіліктерін бағалауға; жалпы, кәсіптік-қолданбалы және сауықтыру-түзету бағытындағы дене жаттығуларымен шұғылданудың маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді.
" Жеңіл атлетиканың мазмұны және қозғалыс техникасы " пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: барлығы 48 сағат.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі түрлері: 1) дене шынықтыру сабақтары; 2) оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі және сауықтыру іс-шаралары; 3) спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар; 4) спорттық үйірмелер; 5) дене жаттығуларымен өздігінен шұғылдану (үй тапсырмалары).
" Жеңіл атлетиканың мазмұны және қозғалыс техникасы " пәнін оқыту барысында білім алушыларды білім беру ұйымының медицина қызметкері арнайы медициналық топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырады. Осы топтарды арнайы профилактикалық бағдарлама бойынша аурудың түріне байланысты оқытады.
Бұл бағдарлама техникалық және кәсіптік білім беруде дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұнын қамтып және бұл міндеттерді барлық оқу жылында рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді.
Жұмыс оқу бағдарламаларын дайындау барысында жергілікті ауа-райы жағдайларын ескере отыра қысқы спорт түрлерінің орнына жалпы төзімділікті дамытуға сауықтыру жүгіру сабақтары мен басқа да аэробты жүктеме жаттығуларын қолдану ұсынылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу бағдарламаларын құруда төмендегідей құқықтары бар:

  • оқытудың әртүрлі технологияларын, түрін, ұйымдастыру әдістері мен оқу процесін бақылау түрлерін таңдауға;

  • оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген сағат көлемінен);

  • оқу бағдарламасын оқуда оның ретін негіздеп өзгертуге.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет