2.Жоғары жүйке әрекетінің типтері әртүрлі оқушылармен жұмыс істеу. Жоғары жүйке әрекетінің типтерінің балаларда қалыптасуы. Балалардың 1-ші сигнал жүйесі тусымен дами бастайды, ал 2-ші сигнал жүйесі кейінірек қалыптасады. Баланың мінез-құлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму дәрежесі, жоғары жүйке өрекетінің типтері ықпал етеді. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде жоғары жүйке әрекетінін типтері балалардың темпераменті мен мінез-күлықтарының физиологиялық негізі екені дәлелденді. Баланың темпераменті мен мінез-қүлықтарының калыптасуы екі түрлі әсерге байланысты:
1)ата-анасынан түқым қуалап ауысатын қозу мен тежелудің ми кыртысындағы генотиптік қасиеттері;
2) сыртқы ортаның әсерінен (үйдегі тәрбиесі, дос-жолдастарының ықпалы, әлеуметтік қоғам орындарының әсері - балалар бақшасындағы, мектептегі, көшедегі тәрбие, т.б.) болатын фенотиптік қасиеттер. Бүл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
Жоғары жүйке әрекетінің және ми қыртысындагы қозу мен тежелудің қасиеттерінің қалыптасуы жалпы жүйке жүйесінің дамуына сәйкес, ягни жалпы организмнің даму зандылықтары жоғары жүйке әрекетінің типтерінің қалып-тасуына да эсер етеді. Баланың жоғары жүйке әрекетінің типтері ересек адамның типтеріне үқсастау болғанымен, жа-сына лайық ерекшеліктері болады. Мектепке дейінгі жас-тағы балалардың жүйке жүйесіндегі қозуы мен тежелуі әлсіз келеді. Оған қоса қозуы басымырақ болады. Осыған байланысты жоғары жүйке әрекетінің күшті типтерінде олар әлсіз болады, бірақ әлсіз типпен салыстырғанда - жоғарырақ. Нерв қүбылыстарының негізгі қасиеттері тек 20-22 жаста ғана толық жетіледі. Сондықтан баланың жоғары жүйке әрекетінің типтері түрақсыз, сыртқы ортаның жағдайлары-на өте тәуелді болады. Баланың өсіп, дамуы барысында ми Қыртыстары мен қыртысасты қүрылымдарының бір-біріне ара қатынасы өзгереді де, жоғары жүйке жүйесі оның мінезщің типтерінің қалыптасуына эсер етеді.
Н. Красногорский балалардын ми қыртысындағы қозуын және тежелуін зерттей келе, олардың жоғары жүйке әрекетінің 4 типтерін үсынды:
1. Күшті тең жылдам типтің шартты рефлекстері тез пайда болып, оңай тежеледі, бірақ пайда болған рефлекстері берік, әрі жақсы сақталады. Бүл типтегі балалардың тілі жаттық, сөз қоры мол, мінезі ұстамды.
2.Күшті тең баяу типтегі балалардың шартты рефлекстері бірнеше рет қайталағанда ғана баяу туады. Оның тежелуі де ақырын, ұзақ уақытты қажет етеді. Бүл типтегі балалар ерте, бірақ баяу сөйлейді. Мінезі - өте шыдамды, ұстамды.
3.Күшті қозғыш ұстамсыз типтегі балалардың шартты рефлекстері өте жылдам пайда болғанымен, тез жойылады, түрақсыз болады. Мінезі ұстамсыз, шыдамсыз, көңіл -күйінің жетегіндегі бала. Сөйлегенде біресе жылдам-қатты, біресе баяу-ақырын дауыспен сылбыр сөйлейді.
4.Әлсіз типтегі балалардың шартты рефлекстері ұзақ көп қайталағаннан кейін өте баяу туады. Нервтік байланысы әлсіз, нашар, шартты рефлекстері тез тежеледі, тілі нашар дамыған, баяу сөйлейді, сөз қоры аз, сөйлегенде дауысы ақырын шығады. Ондай балалар жаңа жағдайға ұзақ бейімделеді. Мінезі жасқаншақтау. Жұмыс істегенде көпшілігі тез шаршайды.
Балалардың жоғары жүйке әрекетінің типтік ерекшеліктері олардың оқуға бейімділігінің бір көрсеткіші болып есептеледі. Сондықтан мүғалімдер оқу-тәрбие жұмыстарын, әр баланың типтік ерекшелігін ескере отырып, ұйымдастыруы қажет.