Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі


Ақыл-ой тәрбиесі және оның мақсаты



бет4/5
Дата02.10.2023
өлшемі46,19 Kb.
#112491
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ақыл-ой тәрбиесінің оқу-тірбие процесінде қолдану курстық жұмыс (1) (2) (1)

2.1. Ақыл-ой тәрбиесі және оның мақсаты.
Бала айналасындағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі мағлұматтар мен дағдылар, білімберді игереді. К.Д.Ушинский айтқандай ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі екенін ескерсек, баланың өз тәжірибесі қаншалықты бай, саналуан дегенмен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. Сондықтан балаға ересек адам тарапынан ұйымдастырылып түсіндірілмеген, өзінің тікелей өмір тәжірибесі арқылы меңгерген мәліметтер мен дағдылар өмір құбылыстарының нақты себептерін анықтауға кедергі жасап, қалған түсінктердің тууына негіз болады. Ақыл-ой тәрбиесі баланы қоршаған орта құбылысы мен адамдар, олардың
озара құбылысы мен адамдар, олардың озара қарым-қатынасы жайлы дұрыс
мәліметтермен қаруландыру арқылы тәжірибесін ұлғайтып, айналасындағы
құбылыстарға, ақиқатқа, оқиғаларға оның дұрыс қарымқатынасы мен көз
қарастарын қалыптастырады. Ақыл-ой тәрбиесі-адамның таным қабілетін дамытып, ер жетіп есебіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесін тәрбиенің барлық салаларымен ұштасқан біртұтас процесс деп танимыз. Балалардың ақыл-ойының дамуын көптеген ғалымдар, педагогтар, психологтар қарастыра келе, бұл мәселесінің адамның санасының ой-өрісінің қалыптасуына және өмір тәжірибесіне көп әсері бар екенін атап өткен. Мысалы: В. Гумбольт: Күн табиғатқа қандай әсер етсе, ақыл-ой жұмыстары да адамға сондай әсер етеді, абыржыған көңілді сейілтеді, бойы да біртіндеп жеңілдетеді, жылытады, рухты көтереді.
В.А. Сухомлинский : Ойсыз, оқусыз, ой толғамай өткізген әрбәр күн-зая кеткен күн, яғни білімсіздіктен білімдікке апаратын әрбір күн зая кеткен күн -деген екен. Ұлы дана адамдардың ақыл-ой тәрбиесін дамыту жайлы тұжырымдамалары берілген. Білімсіздіктен білімдікке апаратын дәйекті ой процесі-нақтылы пайымдаудан абстрактылы ойлауға және одан практикаға өту арқылы орындалады демекші, ғылымды жүйелі түрде терең оқып игеруге ерекше мән берілген. Саналы оқудың мән мағынасын білдіріп, ақыл-ойды дамытатын құрал-әдеби тіл. Ақыл-ой тәрбиесі балалардың жасы мен психологиялық ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар сапалық, белсенділік, өз ақылымен істеп үйрену, ұғыну, есте қалдыру, ал оқу жоспары бағдарламалар, программалар, оқулықтар, жүйелі түрде құрылған сабақтар, экскурсиялық дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Сабақты өткізу әдістемесіндегі елеулі мәселе балалардың ойлау жүйесін басқарып отыру. Бүл үшін негізгі әдіс-тәсілдері жетілдірудің (көрнектілік, әнгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру, үлгі сөз, мәжрлеп оқу, үйрету, еске түсіру, бақылау, талдау, ескерту, мадақтану) маңызды өте зор. Бала тәрбиесінің негізі жанұясында қаланатындықтан, халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұпаққа мирас болып келе жатқан жанұялық бала тәрбиесі дәстүрлерін, фольклорлық мұраларын балабақшада педагогикалық процесті ұйымдастыруда кеңінен пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.
Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған бағдарламалар мектепке дейінгі жастағы балалардың денесі шыныққан, ақыл-ойы ұшқыр, адамгершілік жағынан мінсіз, еңбек сүйгіш, эстетикалық талғамы бай етіп тәрбиелеу міндетін қояды. Онда әрбір баланың жас ерекшелігі, жеке басының өзіндік ерекшелігі, психикалық-физиологиялық ерекшелігі ескеріледі.Балабақша балалардың жан-жақты дамуына қамқорлық жасайды. Олардың талап-тілегін, қажетін ескеріп, мазмұнды да қызықты іс-әрекетін (ойын, еңбек, оқу) ұйымдастырады. Балалардың көңіл-күйінің сергек, қуанышты болуын көздейді. Балабақшада оқыту мен тәрбие бағдарламалары негізінде педагогикалық процесті ұйымдастырып, бір ізді, жүйелі болуын қадағалайтын, оның талаптарын орындауға жауапты басты тұлға – тәрбиеші.
Тәрбие бағдарламасына сүйене отырып, әрбір топтағы тәрбиелеу мен білім беру мазмұнының келесі топқа қайталанбауын қадағалайды және дұрыс ұйымдастырылуына басшылық жасайды.
Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие білім берудің алғашқы буыны болғандықтан, тәрбиешілердің еңбекке, мемлекеттік, әлеуметтік, қоғамдық саяси істерге араласу міндетін шешеді. Елімізде мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі типі - балабақша.Мектепке дейінгі кезеңдегі білім мазмұны тәрбиелік сипатта сұрыпталған. Білім деңгейі мен оқытылатын материалдардың шынайылығы, ғылыми дұрыстығы, нақтылығы, түсініктілігі ескерілген. Оқытудың мазмұны балабақшаға арналған «Балапан» бағдарламасында анықталған.Аталған бағдарламада көрсетілген материалдар бір топтан, екінші топқа өткен сайын күрделенеді, мазмұны, көлемі кеңейеді, тақырыптары жаңарады, жаңа мәліметтер қосылады. Бағдарламаны игеру арқылы балалар бірте-бірте жүйелі білімге ие болады және олардың мазмұнын талдап, қорытып өз ойларын айтады. Ақыл-ой тәрбиесі міндеттерінің бірі – баланың құштарлығын ой сергектігін дамыту, осының негізінде тұрақты таным құштарлығын қалыптастыру. Қандай да болмасын іс-әрекетті табысты меңгеруге мүмкіндік тудыратын баланың жеке басының қасиетін психологияда қабілет деп атайды.
Қабілет іс-әрекет процессінде көрінеді. Ақыл-ой қабілетіне тапқырлық, сыншылдық, табандылық, ойшылдық, зейінділік еркін билей алу, талдау, жинақтау, әрекеттеріне шешімділік, есте сақтау, қайта жаңғырта алу, әр қилы өмір жағдайларына байланысты пайдалана білу жатады.
Балаларға нақты білімді хабарлау, ақыл-ой әрекетін ұйымдастыру ақыл-ой қабілетінің дамуына қажетті шарт болып табылады. Ақыл-ой қабілеті ақыл-ой әрекеті үстінде білімді меңгеру, тіл үйрету үстінде дамиды. Балалардың назары, зейіні ыдырамалы тарап кетуге бейім болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетінің жан-жақты жетілуі, еңбектің яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, адамның белігілі бір кәсіпке немесе мамандыққа баулуын бірте-бірте қол жеткізуді көздейді.
Балалардың айтқан сөзін, әңгімесін сұрағы мен жауабын басқаларына тыңдату арқылы да, зейінін тәрбиелеуге болады. Зейінді тәрбиелеудің пәрменді құралы – балаға қойылатын талапты күшейту. Бұл үшін, есту зейінін дамытатын ойындар ұйымдастырудың мәні зор. Мысалы: «Қоңырау қай жақтан сыңғырлайды?», «Бұл кімнің дауысы?», «Кім екенін дауысынан таны!» сияқты т.б. Бақылампаздық – ақылдылықтың сапасы, сондықтан балаларды көре білуге үйретеді, бір заттың негізгі бөлшегін аңғартып, оның ерекшелігін табуға, табиғат құбылыстарын оның өзгерістерін байқауға, жаңа үйлер мен дүкендердің, көлік түрінің өзгеруін бақылауға үйретеді. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылау арқылы бала жаңа білім жүйесін игереді. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау балаға көптеген жаңалықтар әкеледі. Жүйені бақылау оның жеке басының байқампаздығын дамытады. Бақылампаздық таным қызығушылығын дамытады. Бақылампаздық қабілетін тәрбиелеудің құралы-өмірдің өзі және керекті құралдар.Көрнекі құралдарды бақылау балалардың салыстыру, қорытындылау, жалпылау, жинақтау қабілетін тәрбиелейді. Бақылампаздық нақты білімді игеруге көмектеседі. Балаға нені, не үшін, қалай бақылауды үйрету дәлдікке, реттілікке баулиды. Бақылаудың дәлдігі салыстыруға негізделеді. Салыстыру, талдау, жинақтау қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді. Талдау, жинақтау әрекеті ақыл-ой қызметінің бір-бірімен байланысты екі жағы: мысалы, балалар саяхатқа барып, терек, қайың, шырша, қара ағаш, қызғалдақ, сарғалдақ пен бәйшешекті көреді. Ал, тәрбиеші саяхаттан келген соң, терек, қайың, шырша, қара ағаштың ағашқа, ал қызғалдақ, сарғалдақ пен бәйшешектің гүлге жататынын жинақтап, ұқтырмаса балалардың білімі сол бұрынғы күйінде дамымай қала береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет