Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі


Ақыл-ой тәрбиесі және оның мазмұны



бет3/5
Дата02.10.2023
өлшемі46,19 Kb.
#112491
1   2   3   4   5
1.2. Ақыл-ой тәрбиесі және оның мазмұны
Білім қорын жинаудың жоғары деңгейіне жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс-әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс-әрекетке дағдылану қажет.Ақыл-ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.
Синтез — заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне-бірі қарама-қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір-бірімен үздіксіз байланыста болады.Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты.Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды.Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгеру және нәтижелі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді.Оқушылардың зиялылық іскерлікті меңгеруінің оқу және тәрбие жұмысындағы алатын орны бөлек. Мысалы, оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін оқу іс-әрекеті іскерліктерінің тобын оқушылардың меңгеруі өте қажет.Жалпы оқу іс-әрекеті іскерліктерінің қатарына оқу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс жатады. Іскерлік әр түрлі пәндер және сыныптар бойынша сабақтарда қолданылады. Іскерлік деп алған білім негізінде шәкірттердің практикалық әрекетінің іске асырылуын атайды. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу, жазу және сөйлеу техникасын меңгеру. Ал сауатты оқи білу — сөздердің, дыбыстардың, дауыс ырғағының дұрыс айтылуы, мәнерлеп оқу.Жалпы оқу іскерліктерін оқушыларға үйрету, олардың білім саласында теориялық сауаттылығының деңгейін көтеру болып табылады. Ал бұл мәселе мұғалімнің әдіскерлігіне, ғылыми педагогикалық сауаттылығына байланысты.Ақыл-ой тәрбиесіиің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жинақты етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүииетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады.

ІІ. Оқу-тәрбие процесі.


1.2 Ақыл - ой тәрбиесінің міндеттері
Ойлау іс әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау Негізгі ойлау операцияларын меңгерту.Зиялылық біліктерді қалыптастыру Дүниетанымды қалыптастыру.Білім қорын жинаудың жоғары деңгейіне жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен рөл ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс - әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс - әрекетке дағдылану қажет.Ақыл - ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.
Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.Синтез — заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне - бірі қарама - қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір - бірімен үздіксіз байланыста болады.Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты.Жіктеу араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажырату.
Ақыл - ой тәрбиесінің ең басты құралы – оқыту. Ақыл - ой күштерін оқыту барыснда дамыту оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын, оқу әрекеттерін орындататын танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүреді. Теориялық тұрғыдан қарағанда оқушылардың ақыл - ойын дамытуға бағытталған оқыту әдістемесі «дамыта оқыту» тұжырымдамасынан орын алады.Ақыл - ой еңбегінде оқушылардың мәдениеті оқулықтармен, ғылыми және әдеби кітаптармен жұмыс істегенде байқалады. Сондықтан оқушыларды жұмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар: кітап мазмұнын ұтымды пайдалану, текстің түсініксіз жерлерін бөлу, жұмысты жоспарлау, коспектілеу, қысқаша желісін дайындау т. б.
Оқушының өзіндік жұмысы, одан білімнің әр түрлі саласына байланысты кейбір ерекше қасиеттерді талап етеді. Мысалы: жұмыс барысында жинақты болу; қиыншылықтарды жеңу; ақыл - ой қабілетін дамыту; естің әр түрлі формаларын пайдалану – логикалық, моторлы және көз қапері; бақылау, жазып алу т. б. Бұл қасиеттер тұлғаның өзін - өзі ұстай білуіне жан - жақты сауаттылығына байланысты. Тәрбиелеу мен оқыту әдістері – балаға білімді, іскерлікті, дағдыны игерту мен тану қабілетін дамыту үшін қолданылатын тәрбиеші жұмысының әдістері. Тәсіл – әдістің бір бөлшегі. Оқыту әдістері: көрнекілік, бақылау, сөздік, тәжірибелік және ойын әдістері. Мектепке дейінгі жаста көрнекілік әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс арқылы баланың ұғымын кеңейтіп, оқуы түсінікті, қызықты, нақтылы етеді. Ойы мен бақылампаздығын дамытады. Сондай-ақ, бұл әдістерде дидактикалық, техникалық құралдарды кеңінен пайдалану, бейнефильмдерді, слайд, заттардың өзін, үлгіні, қимыл-қозғалыс арқылы көрсету ұсынылады. Сөздік әдіс-тәсілдерінде айтып беру, оқу, әңгімелету, әңгімелесу, жаттығу, қайталау және ойын әдіс-тәсілдері жиі қолданылады. Бұл жаста оқытудың негізгі формасы – сабақ.Сабақ барлық балалар үшін міндетті, мұнда білім, біліктілік, дағдыны игертумен қатар, балалар тобын құруға, онда өмір сүріп, іс-әрекетпен шұғылдануға, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді. Сабақ тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Ол сабақтың мазмұнын, мақсат-міндеттерін, көрнекі құралдарын белгілейді, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, балалардың білімді іскерлікті, дағдыны меңгеру әрекетін басқарады. Сабақты өткізуге ең қолайлы кезең күннің бірінші жартысы, себебі балаларға іс-әрекетпен шұғылдану таңертенгі тамақтан кейін, шаршамай, ойынға кіріспей тұрғанда ыңғайлы екені көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде дәлелденген.
Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие ұйымдарының мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Балабақшада тәрбиелеу мен оқыту мазмұны нақтыланып, оқытудың әдістері мен тәсілдеріне талдау жасалады.
Тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болғандықтан, оның маңызына құрылымдық ерекшелігіне тоқталып, тәрбиешінің сабаққа дайындығы жан-жақты қарастырылады.
Бала айналадағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі мағлұматтар мен дағдылар, білімді игереді.
Балалардың ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы қоршаған болмыс адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық құбылыс болып табылады. Айналадағы дүние мен араласу арқылы баланың көзқарасы кеңейеді, оның танымдық процесстері дамиды. Үлкендермен қарым-қатынас радио және телевизия хабарлары баланың айналасындағы өмірден алатын мағлұматтардың көлемін ұлғайтады.Әр-түрлі заттарды пайдалана отырып, балалар олардың неге пайдаланатын, қасиетін және сапасын біледі. Бояу, қылқалам, қағаз сурет салу үшін қажет, бақшада жұмыс істеу үшін күрек пен тырма қажет; барлық заттар белгілі бір қасиеттері бар түрлі материалдардан жасалған (фарфор ыдыс сынады, қасық пен шанышқы металдан жасалған) т.б. Тәрбиеші тұрмыстық қызмет барысында балалардың назарын айналасындағы қошаған дүниеге үнемі бағыттап отырады. Жекелеген заттардың қасиеттерін атап көрсетіп, олар атқаратын іс-әрекеттерді сөзбен білдіреді, кеңістік пен мезгіл қатынастарын білдіретін ұғымдарды пайдаланады. Мысалы: киіну кезінде ол сәбилердің назарын киімнің түсіне, оның қандай материалдан істелгеніне аударады. Аманның бөркі жылы, түбіттен жасалған. Ол мамық. Ал, Айгерімнің бас киімі теріден тігілген, балаларды ұйықтауға жатқызғанда тәрбиеші: «Қазір кеш, аздан соң түн болады. Балалар ұйықтайды, ал таңертең оянып, тағы да ойнайды» - дейді.
Ойын балаларға тән іс-әрекет, ойын үстінде бала қоршаған болмысты бейнелеп, өз білімін анықтайды оны жолдастарымен бөліседі. Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандыра алмайды. Бұл қасиеттерді балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өзіне ересектер рөлін алып, еңбектік өмір ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да, нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айырықша түрі болып саналатын рөлдік ойыншық пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын обективті қарым-қатынаста алғаш рет ашылып, ол әр бір іс-әрекет араласу адамның белгілі міндеттерді орындауды талап ететін және бірсыпыра құқықтарын беретінін береді. Сатып алуға ниетенген затын мұқият тексеріп қарауға қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға құқығы бар екенін бірақ дүкенен шығарда сатып алған заты үшін ақша төлеу міндетті екенін аңғарады. Ойын-ақыл-ой дамуына да жетіледі, бала ойын үстінде заттар мен іс-әректтерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формасының шарты болып табылады.
Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойлаудың өзгеше бір сыртқы тірегі және, екіншіден осы затпен жасаланатын шынайы іс-әрекеттер тірегі ретінде көрінеді рөльдік ойында ой жүзінде іс-әрекет жасау қабілеті дами бастайды. Алғашында әрине, ойша әрекет жасау нақты заттарға сүйене отырып жүзеге асады. Ақыл ой әрекетіне ауысудың негізі ойын әрекетінің қысқаруы мен жалпылауынан тұрады. Рөльдік ойынның психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар.
Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында ғана дамиды.
Осымен қатар, мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі рөльде сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру тәрізді жемісті іс-әрекет атқарады. Балалардың іс-әрекет процесінде дәл қазіргі сәтте оны қызықтырмаған жағдайдың өзінде де тиісті нәтиже алуға үйрену, түпкі ниетпен жасау оны бірізді жүзеге асыруды талап етеді.
Бала ойын арқыл күнделікті іс-әрекеттері жайлы ойланып, оларға қарапайым талдау жасап, болашақта ержеткен кезде өмірдің маңызды да, терең мазмұнды сауалдарын шешуге үйренеді. Ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесімен айналысатын әрбір тәрбиеші үшін баланың алғашқы адамгершілік – рухани қасиеттерін тәрбиелеуде үлкен әдістемелік көмек көрсетері анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет