шетелдік инвестициялардың көлемі жағынан ТМД
-
да көшбасшы болды. Бүгін бұл
9200 АҚШ долларына жетті.
Біз сыртқы сауданың –
12 есе өсуіне, ал өнеркәсіп өнімін өндіру
көлемінің 20 есе өсуіне қол жеткіздік.
Осы жылдар ішінде
мұнай өндіру –
3 есе , табиғи газ өндіру
5 есе ұлғайды.
Біз шикізат ресурстарынан түскен
кірісті
Ұлттық қорға жібердік.
Бұл –
ықтимал экономикалық және қаржылық сілкіністерден
қорғайтын сенімді қалқанымыз . Бұл –
бүгінгі
және болашақ ұрпақ
қауіпсіздігінің кепілі .
Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап жалпы құны
1 797 млрд. теңге
болатын
397 инвестициялық жоба іске асырылды,
44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
«Бизнестің жол картасы
-
2020» бағдарламасы іске асырылған екі жыл ішінде
жалпы көлемі
101,2 млрд. теңге сомасындағы кредит болатын
225 жоба мақұлданды.
Біз –
бүгін
халқының табысы орташа деңгейдегі және серпінді дамитын экономикасы бар елміз.
(4) ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ
-
АУҚАТЫ. Адамдардың жағдайын түбегейлі
өзгертудің, өмір сүру жағдайын жақсартудың өмірлік маңызы бар.
Атқарылған жұмыстың нәтижесі көзге бірден түседі. Орташа
айлық жалақы
9,3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің
орташа мөлшері
10 есе ұлғайды
.
Халықтың нақтылы ақшалай кірістері
16 есе өсті.
Егер
1999 жылы қаржыландыру 46
млрд. теңгені құраса, 2011
жылы 631 млрд. теңге болды.
Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі –
Балаларды оңалту орталығы, Ана мен бала орталығы,
Нейрохирургия,
Шұғыл медициналық көмек және Кардиология орталықтары кіретін