күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді
жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек.
Үшінші сын - қатер –
жаһандық азық - түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер. Әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны
азық - түлік проблемасын күрт шиеленістіріп отыр.
Бүгіннің өзінде әлемде
миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы
жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, осынау үрейлі
цифрлар тек өсе түспек.
Біз үшін бұл сын
-
қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер бар.
Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын
аса ірі экспорттаушылар қатарына ендік . Бізде аса ірі экологиялық
таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара аламыз.
Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау толықтай қолымыздағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа
тұрпаттағы мемлекеттік ой
-
сана қажет болады.
Төртінші сын - қатер – судың тым тапшылығы. Әлемдік су ресурстары да қатты қысым көріп отыр. Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген
елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады.
Су –
барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар
себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр.
Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді.
Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда.
Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су
ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе
-
бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне
қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз.