Қазақстан республикасының президенті – елбасы н.Ә. Назарбаевтың



Pdf көрінісі
бет66/72
Дата25.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#126513
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
қазақтың бірлігі –
 
елдігіміздің кілті
, ең басты мәселесі.
Ел бірлігі –
 
ең асыл қасиет.
Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық
ең алдымен өзімізге –
қазақтарға керек.
Қазақты ешуақытта сырттан жау алған емес.
Қазақ әлсіресе, алауыздықтан әлсіреген, күшейсе, бірліктен күшейген.
Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен 
кіреді.
Мемлекет те солай.
Қазақстанның елдігі асқан, ерлігі тасқан, кемел де келісті елге айналуына бізден –
қазақтардан артық мүдделі 
кім бар?!
Қазақтың
ішкі тұтастығын бұзғысы келетін
рушылдық, жершілдік әңгімемен
ел бірлігін бүлдіргісі 
келетін
күштердің пайда болуы Елбасы ретінде мені алаңдатпай қоймайды.
Ондай жымысқы ниеттілердің айқайына құлақ асып, айтағына ілескен жан әр атаның шежіресін әспеттеп, әр 
жаққа тартқанын аңдамай қалуы мүмкін.
Ру мен тайпаға бөліну –
 
ұлттық тұтастықтан айырылудың өте қауіпті түрі.
Қазақ шежіресінің түпкі мәнін ұмытпау керек, алып дарақтың бұтақтары сияқты күллі рулардың түбін қуа 
келгенде, барлығы бір ғана
ұлы тамырға –
 
қазақ деген ұлтқа
барып тіреледі.
Қай шежірені алып қарасаңыз да, ол қазақтың бірлігін, тұтастығын әйгілейді.
Шежіре
 

қазақты бөлшектейтін емес, керісінше, біріктіретін ұғым.
Барша адамзаттың Адам атадан басталатыны сияқты, бүкіл қазақтың шежіре атаулысы Атам қазақтан бастау 
алатынын әрбір қазақ жүрегінің төрінде ұстауға тиіс.
Тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш
-
жігерін біріктіріп қана біз алға баса аламыз.
Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ.
Бесінші. Ұлттық интеллигенцияның рөлі
Біз мемлекеттілігіміздің рухани мәселелер экономикалық, материалдық мәселелерден ешбір кем 
бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз.
Рухани дамуда негізгі рөлге әрқашан интеллигенция ие.
2050 жылғы Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет