Қазақстан республикасының президенті – елбасы н.Ә. Назарбаевтың


тарихи әділдікті қалпына келтірдік



Pdf көрінісі
бет8/72
Дата25.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#126513
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
тарихи әділдікті қалпына келтірдік



Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа
қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты 
сақтадық.
Қазақстан
140 этнос пен 17 конфессияның
өкілдері үшін
туған шаңырағына
айналды.
Азаматтық татулық

пен ұлтаралық келісім –
 
біздің басты құндылығымыз.
Көпұлтты еліміздегі 
татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі
әлемдік эталон
ретінде танылған.
Қазақстан халқы Ассамблеясы
мәдениеттер үндесуінің
бірегей еуразиялық үлгісі болды.
Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу
орталығына айналды.
4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз
Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық 
принциптеріне негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасадық. Біздің моделіміз шетелдік 
инвестицияларды тартудағы мемлекеттің
белсенді рөліне негізделген.
Біз елімізге 160 млрд. доллардан астам шетел инвестициясын тарттық.
Кәсіпкерлік қызмет
үшін негізгі талаптар мен заманауи
салық
жүйесі қалыптасты.
Біз ұлттық экономиканы жоспарлы түрде
әртараптандырудамыз. Үдемелі индустрияландыру бағдарламасында 
екі бесжылдықта экономикамыздың бет
-
бейнеcін өзгертіп, оны шикізаттың әлемдік бағаларының ауытқуына 
тәуелсіз ету
міндетін қойдым.
Стратегия
-
2030 қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі
ең серпінді дамушы елдер 
бестігіне
енді.
Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ
-
нің көлемі жағынан біз
әлемнің 50 ірі 
экономикасының қатарына
кіреміз.
Әлемнің барлық елдері өз дамуын салыстыратын мойындалған рейтингтер бар. Осыдан алты жыл бұрын мен 
алдымызға әлемнің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет