Ұлттық скрининг жүйесі ауруларды бастапқы сатысында анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік
береді.
Дәрі
-
дәрмекпен тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету енгізілді.
Соңғы 15 жылда халықтың саны
14 млн
-
нан
17 млн
. адамға дейін өсті.
Өмір сүру ұзақтығы
70
жасқа дейін ұлғайды.
Біз
қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту
бағытын дәйекті жүргізудеміз.
«Балапан» бағдарламасын іске асыру балаларды мектепке дейінгі білім берумен
65,4%-
ға
дейін қамтуға
мүмкіндік берді.
Міндетті мектепалды даярлық енгізілді, ол мектеп жасына дейінгі балалардың
94,7%-
ын қамтыды.
1997 жылдан бері республика бойынша
942 мектеп
, сонымен қатар,
758
аурухана және өзге де денсаулық
сақтау нысандары салынды.
Біз әлемдік деңгейдегі
зияткерлік мектептер
мен
кәсіптік
-
техникалық колледждер
желісін
дамытудамыз.
Соңғы 12 жылда
жоғары білім алуға берілетін гранттар саны
182%-
ға
ұлғайды.
1993 жылы біз «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылдадық, соның арқасында
8 мың
талантты жас
әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алды.
Астанада
халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи ғылыми
-
зерттеу университеті
құрылды.
(5)
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР. Қазақстанның мұнай
-
газ кешені күллі экономиканың локомотиві болып
табылады және басқа салалардың дамуына ықпалын тигізеді.
Біз экономиканың заманауи, тиімді мұнай
-
газ және тау
-
кен өндіру саласын құруға тиіс едік.
Достарыңызбен бөлісу: