мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда
төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік
қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық.
Осылайша 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде .
***
Бүгінгі күні біздің әрқайсымыз «
2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты» деп айта
аламыз. Бұл
– біздің бірлігіміздің, табанды да қажырлы еңбегіміздің нәтижесі, ұмтылыстарымыз бен
үміттеріміздің жанды көрінісі.
Біз
өз жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз.
Әлемдік дағдарыс біздің мемлекет пен қоғам ретінде орныққанымызды растады. Біздің шекарамыз, саяси
жүйеміз, экономикалық үлгіміз ел ішінде де, одан сыртқары жерде де ендігі жерде елеулі келіспеушіліктер мен
талас
-
тартыстардың өзегіне айналмайды.
Енді біздің алдымызда
жаңа міндет тұр. Біз мемлекетіміздің
ұзақ мерзімді кезеңге бағдарланған
одан әрі даму векторын күшейтуге тиіспіз.
ІІ. ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ОН ЖАҺАНДЫҚ СЫН - ҚАТЕРІ Қазіргі уақытта адамзат
жаңа жаһандық сын - тегеуріндермен бетпе
-
бет келуде.
Еліміз бен өңіріміз үшін мен
он негізгі сын
-
қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға
одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз.
Бірінші сын - қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі. Тарихи уақыт
аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің
жылдамдығы адамды таң қалдырады.
Соңғы 60 жылда