Қазақстан республикасының президенті – елбасы н.Ә. Назарбаевтың


импорттауға және технологиялар алмасуға бағыттауға



Pdf көрінісі
бет34/72
Дата25.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#126513
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72
Байланысты:
httpsprimeminister.kzassetsmediaazastan-2050-strategiyasy.pdf

импорттауға және технологиялар алмасуға бағыттауға
тиіспіз. Бұл үшін бізге
бірлескен 
халықаралық компаниялар мен ел үшін пайдалы серіктестіктер құру мен дамытудың
кіші 
бағдарламасы қажет.

2030 жылға қарай Қазақстан
ғарыш қызметтерінің
әлемдік нарығындағы өз тауашасын кеңейтіп, 
басталған бірқатар жобаларды қисынды аяқтауға дейін жеткізуге тиіс. Мен Астанадағы ғарыштық аппараттар 
құрастыру
-
сынақтан өткізу кешенін, қашықтан зондтау ғарыштық жүйесін, ғарыштық мониторинг пен жердегі 
инфрақұрылымның ұлттық жүйесін және жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесін айтып отырмын.

Екі жетекші инновациялық кластерді

Назарбаев Университетін және Инновациялық 
технологиялар паркін дамытуды жалғастыру керек. Бізге
төменкөміртекті экономикаға
жедел көшу қажет.
2013
жылы
«жасыл көпір»
халықаралық ұйымын құруды, сонымен қатар, Алматының маңындағы төрт 
серіктес қалада
Green4 
жобасын іске асыруды бастауды ұсынамын.
Елдің дамудың
«жасыл» жолына көшуіне
Астанадағы алда тұрған
ЭКСПО
-2017
қуатты серпіліс беруі тиіс. 
Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады.
Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған
«болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады.
*** 
Қазір мен
еліміздің Үшінші индустриялық революцияға дайындығының
шарты болып табылатын
ең 
принципті мәселелерді
атадым.
Алтыншыдан,
ауыл шаруашылығын,
 
әсіресе,
 
ауыл шаруашылығы өніміне
 
өсіп отырған
 
жаһандық 
сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет.
Әлемдік азық
-
түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін бізге 
мыналар қажет:

Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ екенін атап өтемін.

Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет.

Біз әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жемшөп базасын құру үшін үлкен әлеуетке иеміз.



Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. 
Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына –
экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық 
ойыншы болу міндетін қоямын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет