Мемлекет
Үшінші индустриалдық революция
нәтижесінде пайда болатын секторларды ескере
отырып, ұлттық компаниялар арқылы
болашақтың экономикасын
дамытуды ынталандыруы тиіс. Ұлттық
индустрия біз өз елімізде өндіруге тиіс
ең жаңа композиттік материалдарды
тұтынуы керек.
Мемлекет
ақпараттық
технологиялар саласында транзиттік әлеуетті дамытуды ынталандыруы
тиіс.
2030
жылға қарай Қазақстан арқылы біз әлемдік ақпараттық ағындардың кем дегенде 2
-3%-
ын өткізуге
тиіспіз.
2050
жылға қарай бұл цифр кем дегенде екі еселенуге тиіс.
Сонымен қатар,
жеке компаниялардың
өз
қаражатын зерттеулер мен инновацияларға
салуын
ынталандыру керек. Мына нәрсені баса айтқым келеді:
инновацияларды
енгізудің маңызы зор,
бірақ бұл
басты нысана емес
. Біздің жаңа технологиялар сұранысқа ие болғанда, олар нарықта
қажет
болғанда ғана ел нақты пайда алатын болады. Олай болмаған күнде инновация –
ақшаны босқа шығындау
деген сөз.
Жекелеген компаниялар мен салаларды іріктеп қолдау тәжірибесін
тоқтату керек. Біз
әлеуметтік
-
маңызды стратегиялық функцияларды атқаратын және өзінің тиімділігін дәлелдейтін салаларды
ғана қолдауға тиіспіз.
Достарыңызбен бөлісу: