Егер біз таңғажайыпқа сенсек немесе басқаларға иек артсақ, қол жеткізген жетістіктерімізді жоғалтып аламыз. Бүгін біз ең дұрыс таңдау жасауға тиіспіз. ***
Қымбатты отандастар! «Қазақстан 2050» Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге –
қазақ халқына айрықша
жауапкершілік жүктеледі.
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан
алқынбай асамыз.
Үдеудің сыры – бірлікте, Жүдеудің сыры – алауыздықта. Осыдан 3 ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата
-
бабаларымыз
бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген.
Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген.
Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар. Бізді бір
-
бірімізбен біріктіретін де, бауыр
ететін де бабалардың бостандық жолында төгілген осы қаны деп білемін.
Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған.
Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек.
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз
бен берекемізге байланысты.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол –
тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді
«Мәңгілік Ел» етуді мұрат
қылдық.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы осынау
мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының
көрінісі.
Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына
кәміл сенемін.
Бабалардың