Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 021 жылы қаңтарда жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»



Pdf көрінісі
бет31/59
Дата16.03.2023
өлшемі1,32 Mb.
#74741
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59
Мансұрхан 
МАХАМБЕТҰЛЫ,
Парламентаризм 
институтының
директоры


7
№16 (1588)
22 – 28 сәуір
2021 жыл
ANA TILI
М Е Р Е Й
қораптарын, микросызбаларын шұқылап, 
қайта ж ндеуге құмар еді. Оқу бітіргенше 
ауылға, к рші-к лемге кәдімгідей-ақ теле-
техникасының шебері болып танылды. 
Ол кезде мектеп бітіргендер арасында бір 
жылдай жұмыс істеп келгендердің жоғары 
оқу орнына түсу мүмкіндігі жоғары еді. 
Осы жағын ойлаған Иманбай да Алматыға 
келісімен Бүкілодақтық мемлекеттік 
жобалау-техникалық институтының Қазақ 
филиалына бағдарламашы-техник болып 
орналасады. Бір жылдан соң әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
журналистика факультетіне оқуға түседі. 
1983 жылы осы факультеттің телерадио 
кафедрасын ойдағыдай бітіріп, журна-
лист мамандығын алып шығады. Сол 
заманғы талап пен тәртіп бойынша жол-
дамамен Қазақ КСР Мемлекеттік теле 
және радиохабарларын тарату комитетіне 
(қазіргі «Қазақстан» РТРК» АҚ) қарасты 
Қазақ радиосының балалар мен жастарға 
арналған бас редакциясына редактор 
болып жұмысқа орналасады. Жас келсе 
іске дегендей, жалындап тұрған жас ма-
ман еліміздегі жастардың ерен еңбектерін 
насихаттауды қолға алады. 1988 жылы 
Бүкілодақтық радиофестивалінде оның 
тың жобасы – «Менің құрдастарым» атты 
радиоқойылымы жүлделі орын алып, 
жаңа белестерге жол ашқан еді. Қызметі 
де сіп 1992 жылға дейін аға редактор, 
редакция меңгерушісі және бас редактор 
болып қызмет атқарады. Радиодағы тоғыз 
жылдың ішінде ол бірнеше радиофильм 
жасайды. Алаштың біртуар азаматтары 
ақталып жатқан жылдары, жазықсыз қуған-
сүргінге ұшыраған Қ.Тәштитов, Қ.Қуатов, 
>.Бүркітбаев, С.Нұрпейісов, О.Исаев, 
Ұ.Құлымбетов, М.Шоқай, Б.Мұстафин, 
Е.Нығметов сынды к рнекті тұлғалар 
жайлы деректі бағдарлама дайындайды. 
Тарихи тұлғаларды эфирге шығарып, елге 
кеңінен жариялаған осы циклды хабар-
лары үшін 1992 жылы Қазақстан Журна-
листер одағының Б.Бұлқышев атындағы 
сыйлығына ие болады. Ел басқарған 
Д.Қонаевтан алған сұхбаты да з алдына 
үлкен әңгіме.
Тоқсаныншы жылдардың басы теле-
радио жүйесіне де згерістер әкелген, 
н а р ы қ т ы қ к е з е ң г е е н д і ғ а н а б а с қ а н 
кезеңдер еді. Тәуелсіз телерадио арналар 
құруға ешкім тәуекел ете қоймаған уақытта
жаңа жобаны бастаудың қиындығына 
қарамастан Иманбай «Бай-радио» тәуел-
сіз радиоарнасын ашады. Оның осы 
«Бай-радиосы» тыңдаушылардың да, 
те лерадио басшыларының да к ңілінен 
ш ы қ т ы . Ж а ң а қ ы з м е т к е ж о л а ш т ы . 
С йтіп, 1992 жылдың желтоқсанында 
Иманбай Қазақ теледидарына ауысып, 
жаңадан ашылған таңғы-музыкалық 
«Таңшолпан» бағдарламасының бас ре-
дакторы болып тағайындалады. 1994 жылы 
таңғы «Таңшолпан» мен кешкі «Шарай-
на» бағдарламалары біріктіріліп, жаңа 
теледидарлық ақпараттық агенттігі (ТИА) 
ашылғанда, оның алғашқы жетекшісі 
болып қызмет атқарады. Қазіргі елге 
әйгілі «Хабар» агенттігі осы теледидарлық 
ақпараттық агенттіктен бастау алған еді.
1996 жылдың шілдесінде «Таң шолпан» 
таңғы бағдарламасы қайтадан ашылғанда, 
Иманбай Құрманбайұлы оның бас редак-
торы болып, зінің бұрынғы қызметіне 
оралды. Жыл аяғына таман запастағы аға 
лейтенант шені бар Иманбай еліміздің 
ішкі әскеріне сардарлық қызметке шақы-
рылады.
Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
аясында қазақ-француз «Гео-энергетика» орталығы жұмыс істейді. 
Бұл орталықтың тарихы 2010 жылдан бастау алады. Орталықтың 
мақсаты ҚазҰУ мен Франция университеттері арасында зара бай-
ланыс орнатып, қос дипломдық бағдарламалар жасау. Алғашқыда 
тек «Механика және энергетика» бағыты бойынша жұмыс 
атқарылып келсе, бүгінгі таңда математика және химия салаларын-
да жаңа бағдарламалар ашылды. Алдағы жылы «Гео-энергетика» 
орталығы «Қазақ-француз ғылым, технологиялар және энерге-
тика институты» болып құрылуын меңзеп отыр. Сондықтан да 
орталықтың алдында жаңа бір маңызды мақсат – жұмыс аясын 
кеңейтіп, биотехнология, туризм, археология және тағы басқа 
салалар бойынша ҚазҰУ-мен біріге отырып жаңа қос дипломдық 
бағдарламалар ашу. 
Бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
мен Францияның Лотарингия университеті арасында әртүрлі 
білім бағдарламалары аясындағы байланыстары дамып келеді. 
Соның бірі үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап Химия 
және химиялық технология факультетінің, «Физикалық химия, 
катализ және мұнай химиясы» кафедрасына қарасты 7М07201- 
«Мұнай-газ ісі» білім бағдарламасына сәйкес білім алып жатқан 
магистранттарымызға Лотарингия университетінің профессор-
оқытушылары з сабақтарын онлайн форматта бастап кетті. 
Лотарингия университетінің білікті профессоры, әрі мұнай-
газ ісі б ліміне жауапты кілі Ирина Панфилова қазіргі кез-
де Transport of fluids, multiphase flow and hydrodynamic in the 
reservoir (Сұйықтықтардың тасымалдануы, к п фазалы ағын және 
резервуардағы гидродинамика) курсы бойынша сабақ туде. 
Сондай-ақ Mineral processing, geology and raw mineral materials 
(Пайдалы қазбаларды ңдеу, геология және минералды шикізат) 
пәнінен ауқымды тақырыпта профессорлар: Lev Filipov (Лев Фили-
пов), David Jousselin (Дэвид Джусселин) сабақ туде. 
Ал профессор Hautevelle Yann (Хаутевелл Ян) болса, жер 
қыртысының тау жыныстары, олардың алуан түрлілігі; ш гінді 
жыныстардың құрамы, қасиеті, түрлеріне байланысты жіктелуі; 
ш гінді петрографияның техникада қолданылуы, жер тура-
лы ілімнің бір саласы петрологияның: физика, химия және 
биологияның ғылымдарымен тығыз байланысы және т.б. басқа 
тақырыптарды қамтитын сапалы дәрістерін жүргізді. 
Қос дипломды білім беру бағдарламасының артық шылық-
тарына тоқталсақ, ол білім алушының т мендегідей басымдықтарға 
ие болу мүмкіндігіне қол жеткізеді: яғни халықаралық тәжірибе 
жинақтауы; серіктес шет елдік ЖОО-ның оқытушыларынан 
прогрессивті білім алуға мүмкіндігі; оқуды сәтті аяқтаған соң 
жұмысқа тұру мүмкіндіктері және қос бірдей оқу орнының мысалы 
ҚазҰУ мен Лотарингия университетінің дипломына ие болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет