Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 021 жылы қаңтарда жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»



Pdf көрінісі
бет10/59
Дата16.03.2023
өлшемі1,32 Mb.
#74741
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59
Байланысты:
2021-16

бағдарламасы» қабылданды. Барлық 
облыстар мен аудандарда «Қазақ тілі» 
қоғамдары құрылып жұмыс істеді. Оған 
деген жұртшылықтың ықыласы ерекше 
болды.
Соған қарамастан, ол қоғамдық ұйым 
ретінде мемлекеттік саясаттың ішкі 
иірімдеріне дендеп араласа алма-
ды. Сондықтан бүкіл қоғам болып 
тіл шаруа сын мемлекеттік саясаттың 
құрамдас бөлігіне айналдыруды 
 талап етті. Соның реті тәуелсіздік таңы 
атқаннан кейінгі елең-алаң уақытта 
келді. 
1993 жылдың 5 сәуiрінде Қазақстан 
Республикасы Президентiнiң «Қазақстан 
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 
жанындағы Тiл комитетiн құру туралы» 
Жарлығы шығып, тіл мемлекеттік 
саясаттың құрамдас бөлігіне айналды. 
Жарлықты қоғамдық орта тәуелсіздіктің 
үлкен жеңісі ретінде зор жігермен, үкілі 
үмітпен қабылдады.
Бұл уақытта Қазақстан Республи-
касы Президенті мен Министрлер 
кабинеті аппаратында Ішкі саясат 
департаментінің құрамында Президент 
Жарлығымен құрылған Тіл секторы 
жұмыс істейтін. Менің сол секторға аға 
референт ретінде қызметке келгеніме 
бір жылдай ғана уақыт өткен. 
Іле шала бір ай мерзім ішінде Қазақстан 
Республикасының Министрлер Кабинетi 
«Қазақстан Республикасы Министрлер 
Кабинетiнiң жанындағы Тiл комитетi 
туралы» арнайы қаулы қабылдап, 
оның Ережесін бекітті. Комитеттi 
төраға басқаратын болды, басқару 
аппаратында 60 адам, Төрағаның 3 
орынбасары белгіленді, құрамында 11 
адамы бар алқа құруға рұқсат етiлді. Тiл 
комитетiнiң Төрағасы материалдық-
тұрмыс және медициналық қамтамасыз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет