2–дәреже (i = 2).Орташа бұзылыс. Ғимараттың материалдары мен конструктивтік емес элементтерінің елеулі бұзылуы, сылақ қабаттарының құлауы, арақабырғалардағы тесіп өтетін жарылыстар, карниздер мен фронтондардағы терең жарылыстар, мұржалардан кірпіштің түсуі, жеке жабындардың құлауы. Күш түсетін конструкцияның шамалы бұзылуы: күш түсетін қабырғалардағы жіңішке жарылыстар, бетонның немесе ерітіндінің қаңқа тораптары мен панельдердің түйістеріндегі шамалы деформациялары және кішігірім опырылуы. Бұзылыстарды жою үшінкүрделі жөндеу керек.
3–дәреже (i =3 ).Ауыр бұзылыстар. Ғимараттың конструктивтік емес элементтерінің бұзылуы: күш түсетін қабырғалардағытесіп өтетін жарылыстар,қаңқаның айтарлықтай деформациялары, панельдердің көрінетін жылжуы, қаңқа тораптарында бетонның үгітілуі. Ғимаратты орнына келтіріп жөндеуге болады.
4–дәреже (i = 4).Күш түсетін конструкцияның кейбір жерлерінің бұзылуы: күш түсетін қабырғалардағы ойықтар мен аударылған жерлер; қаңқаның түйістері мен тораптарының опырылуы; ғимарат бөліктерінің арасындағы байланыстың бұзылуы; арақабырғалардың жеке панельдерінің қирауы; ғимараттың ірі бөліктерінің қирауы. Ғимаратты құлату керек.
5–дәреже (i = 5).Опырылымдар. Күш түсетін қабырғалар мен арқабырғалардың қирауы, ғимараттың қалпы жоғалта толық қирауы.
Қаңқалы ғимараттарда қаңқаның тораптарында елеулі иілетін сәттер мен көлденең күштердің пайда болу салдарынан көбінесе қаңқа тораптары қирайды. Ерекше күш зақым бағандардың негізіне және ригельдерді қаңқа бағандарымен қосатын тораптарға түседі.
Ірі панельді және ірі блоктық ғимараттарда көбінесе панельдер мен блоктардың өзара және аралықтармен түйіскен қосылыстары қирайды. Бұл жерде панельдердің өзара жылжуы, вертикаль түйістердің ашылуы, панельдердің жобалық күйінен ауытқуы, ал кейбір кезде – панельдердің қирауы көрінеді.
Күш түсетін қабырғалары жергілікті материалдардан (өңделмеген кірпіштен, саз–сабан блоктар, туф блоктар ж.б.) салынған ғимараттарға келесі бұзылыстар тән: қабырғаларда жарылыстың пайда болуы, бүйір қабырғалардың опырылуы, жылжуы, ал кейде аралықтартың қирауы, жеке тұрған тіректердің және пештер мен түтін мұржаларының қирауы.
Қазақстан Республикасының құрылыстағы басшылық құжатына
«Табиғи және техногендік сипаттағы апаттық оқиғалардың салдарынан болған шығынды бағалау»
4 қосымша