6.5 Зардап шеккен елді эвакуациялау мен жаңа жерге орналастыруға шығатын шығындардың көлемін бағалау (Yэо) 23. Есептеуге қатысты шығыс деректеріне төмендегілер жатады:
Nэо – жаңа жерге орналастырылғандар мен эвакуацияланғандардың саны, адам;
Сжал – зардап шеккен ел тұру үшін жалданған ғимараттың (имараттың) жал ақысы, мың теңге;
Cшқ – уақытша тұратын мекеннің жабдықтарына шаруашылық құралдарын сатып алуға шыққан шығын, мың теңге;
Скқ – уақытша тұратын мекеннің коммуналдық қызметтеріне шығатын шығын, мың теңге;
Селқ – зардап шеккен ел тұратын елді мекеннің құрылысын салуға шығатын шығын, мың теңге;
Скқ – елді эвакуациялау кезіндегі көліктік қызметтердің төлемақысы, мың теңге.
24. Нақты деректер бар болған кезде, елді эвакуациялау мен жаңа жерге орналастыруға шығатын шығындардыңкөлемін бағалау шығындарды сомалау жолымен жүзеге асырылады:
Yэо = Сжал + Cшқ + Скқ + Семқ + Скқ , (12)
25. ТЖ кезінде зардап шеккен елді жаңа жерге орналастыру туралы нақты деректер болмаған жағдайда, шығын көлемін бағалау төмендегі формула бойынша анықталуы мүмкін:
Yэо = Н1× Nэо , (13)
мұнда Н1 – ТЖ болған жерін зерттеу немесе сараптау негізінде немесе оны есептеудің арнайы әзірленген әдістемесі бойынша анықталған және нормативтік көрсеткіш ретінде бекітілген, бір адамды жаңа жерге орналастыру құнының орташаландырылған бағасы.
6.6 Зардап шеккен елге бір жолғы материалдық көмек көрсетуге шыққан шығынның көлемін (Yмк) бағалау 26. Есептеуге қатысты шығыс деректеріне төмендегілер жатады:
– Nз–зардап шеккен (қайтпайтын және санитарлық шығын) елдің саны, адам;
– Cбж–зардап шеккендерге бір жолғы жәрдемақы төлеуге қатысты шығын, мың теңге.
Yеп = Cбж, (14)
27. Нақты деректер болмаған жағдайдабір жолғы материалдық көмек көрсетуге шығатын шығындарды бағалау төмендегі формула бойынша есептік жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
Yбж = Н2× (Nз + Nоэ), (15)
Мұнда Н2 – ТЖ болған жерін зерттеу немесе сараптау негізінде анықталған немесе оны есептеудің арнайы әзірленген әдістемесі бойынша әзірленген және белгілі тәртіпте нормативтік көрсеткіш ретінде бекітілген, ТЖ оқиғасында бір адамға төлейтін есептегі орташаландырылған норматив.
6.7 Зардап шеккен елге коммуналдық қызметтерді көрсетуге шығатын шығындардың көлемін (Yкқ) бағалау 28. Есептеуге қатысты шығыс деректеріне төмендегілер жатады:
– Nзо – зардап шеккен және орналастырылған елдің саны;
– Скқ – нақты елді мекенде, аумақта бір адамға коммуналдық қызметтің орташаландырылған бағасы, мың теңге.
29. ТЖ нәтижесінде зардап шеккен елге коммуналдық қызмет көрсетуге шыққан шығындардың жалпы сомасы туралы нақты деректер болмаған жағдайда, Yкқкөрсеткіші төмендегі формула бойынша анықталады:
Yкқ = Н3× Nзо , (16)
мұнда Н3 – ТЖ алдыңғы жылы (күні, айы ж.б.) нақты елді мекенде, аумақтық құрылымда бір адамға коммуналдық қызметтің орташаландырылған бағасы.