3 Толық шығын 5. ТЖ ілеспелі толық экономикалық шығын тікелей экономикалық шығын мен жанама экономикалық шығынның сомасы ретінде мына формуламен анықталуы мүмкін:
U = Uш + А Uж,(3)
мұнда А – әртүрлі уақыттағы шығындарды келтірудің коэффициенті (дисконттау коэффициенті);
U– ТЖ пайда болған экономикалық шығын;
Uш– тікелей экономикалық шығын;
Uж– жанама экономикалық шығын.
4.5.1 Экономикалық дағдарыс жағдайында залалдың уақыты созылып кету мүмкіндігі өсетіндігіне байланысты дисконтталған шығынның есебін орындауға кепілдеме беріледі. Дисконтталған бағалар уақыттың ағымды кезеңінде болашақ шығындардың бағасын көрсетуі керек.
Дисконттау есебімен толық шығынды келесі формула бойынша есептеуге болады:
(4)
(1)
мұнда t – дисконттау мөлшерлемесі;
R – залал салдарын жоюдың өмірлік циклы;
k – ТЖ болған жыл.
6. Толық экономикалық шығынды бағалау кезінде жанама экономикалық шығынның шамасы белгісіздіктің жоғары дәрежесіне ие болғандықтан, толық экономикалық шығынның шамасы да белгісіздіктің жоғары дәрежесіне ие болатындығын ескеру керек.
4 Шығынды болжау 7. Шығынды болжау үшін табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қауіптерінің жүзеге асу нәтижесінде зиян тию ықтималдығымен шарттасқан, ТЖ болатын қауіпті сипаттайтын көрсеткіштерді пайдалануға кепілдеме беріледі.
Оқиғалар мен зиянның белгілі жиілігі кезінде ТЖ болатын қауіп уақыт t интервалында шығынның математикалық күтілімімен бағаланады:
M[W,t] =
(5)
мұнда –ТЖ пайда болған орташа шығын;
– ауыртпалық деңгейі бойынша j класты ТЖ пайда болған орташа шығын;
АТЖ(t)= ТЖt – уақыт t интервалында ТЖ санының математикалық күтілімі;
ТЖ–ауыртпалық деңгейі бойынша j класты ТЖ қайталануы.
8. Кейбір аумақтағы қауіпті бағалау, әдетте, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарынан қайтыс болған (зардап шеккен) адамдардың ықтимал саны мен экономикалық шығындарды есептеуден тұрады.
5 Риски 9. Қарастырылған шығынның сипатына қарай тәуекелдің – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық ж.с.с. түрі анықталады.
Шешілетін тапсырмаларға байланысты тәуекел:
–нақты түрдегі шығынның бір жылдағы математикалық күтілімі;
–жағымсыз оқиғаның бір жылдағы туу ықтималдығы түрінде беріледі.
Бірінші жағдайда тәуекел мына формула бойынша анықталады:
R =p* g (6)
мұнда p–төтенше жағдайдың бір жылда туу ықтималдығы (апаттардың, зілзалалардың жиілігі);
g – төтенше жағдайлардан пайда болатын келешекті шығын.
Тәуекелдің өлшемділігі шығынның сипатымен келісіледі және шығын/жыл түрінде болады.
Екінші жағдайда тәуекел төмендегілердің қатынасынан анықталады:
R =p *s (7)
мұнда p–төтенше жағдайдың бір жылда туу ықтималдығы;
s – төтенше жағдайдың туу шарты кезінде жағымсыз жағдайдың туу ықтималдығы.
sпараметрінің өлшемсіздігін ескере отырып, екінші жағдайда тәуекелдің өлшемділігі 1/жыл түрінде болады.
Негізгі тапсырма елді қорғау болып табылғандықтан, жағымсыз оқиға ретінде, әдетте, адам өмірі үшін қауіптіліктің деңгейі қарастырылады.
10. Төтенше жағдайдың туу ықтималдығы (апаттардың, зілзалалардың жиілігі)pқауіптілікті аудандастыру карталары немесе статистикалық деректер бойынша анықталады.
Төтенше жағдайдан пайда болатын келешекті шығын шығынның математикалық күтіліміM(U)сияқты үдерістердің ықтималдық сипатының есебімен анықталады.
11. Төтенше жағдай туды деген шартпен жағымсыз оқиғаның туу
ықтималдығы P шығынның математикалық күтілімін елді мекеннің немесе елдің элементтеріне пайдалану арқылы анықталуы мүмкін:
(8)
(9)
мұнда M(U) – елді мекеннің элементтеріне шығынның математикалық күтілімі;
V – елді мекендегі (ғимараттағы, имараттағы, инженерлік коммуникациялардағы ж.с.с.) элементтердің саны;
M(N) – ел шығынының математикалық күтілімі;
N – елдің жалпы саны.