Қазақстан Республикасының саяси партиялары орындаған: Турсынханов Бекарыс


«Ауыл» Халықтық Демократиялық партиясы



бет3/4
Дата27.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#128779
1   2   3   4

«Ауыл» Халықтық Демократиялық партиясы

  • Қоғамдық-саяси ұйым. Құрылтай съезі 2000 жылы 30 қаңтарда өтті
  • Тіркелді: 1 наурыз 2002 жыл, қайта тіркеу: 2 сәуір 2003 жыл
  • Партияның төрағасы: Әли Әбдікәрімұлы Бектаев
  • Партияның әлеуметтік негізі: шаруалар мен фермерлік қожалықтардың жетекшілері, ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлер, интеллигенция
  • Партияның 80 000-нан астам мүшесі бар
  • Міндеттері: Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын жеделдетуге, қоғамды демократияландыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру; әлеуметтік әділеттілікті орнату; нарықтық экономиканы қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы өндірісінің басым бағыттарын дамытуға ықпал ету.

«Ақ жол» Демократиялық партиясы

  • Партия төрағасы: Азат Перуашев
  • Тіркелген: 2002 жылғы 3 сәуір, қайта тіркеу: 2002 жылы 12 желтоқсан
  • Партия мүшелерінің саны: 180 000-ға жуық адам
  • Партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық және еркін Қазақстан
  • Негізгі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттілік
  • Партия Қазақстанды одан әрі демократияландыру бойынша ұсынымдар жасау жөніндегі келісу комиссияларының жұмысына белсенді араласады. Мәжілістің үшінші шақырылымында партия 1 мандатқа ие болды. Қазақстан фермерлер одағы, ауған ардагерлерінің Жауынгерлік бауырластар одағы, Каспий табиғаты, т.б. қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді

«Қазақстан коммунистік халық партиясы»

  • Орталық Комитетінің Хатшылары: Косарев Владислав Борисович, Кенжин Тулеш Аукебаевич және Ахметбеков Жамбыл Аужанович
  • Мемлекеттік тіркеу: 2004 жылдың 21 маусымында. Тіркеу күнінде партияда 90 000 мүше болды.
  • Мақсаты: ғылыми-техникалық прогресс пен ғылыми социализм принциптерінің негізінде шынайы халықтық билікке, әлеуметтік әділеттік, жан-жақты руханилық, бостандық пен гүлденген экономикаға қарай алға басу.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет