Мемлекеттің саяси партиялардың істеріне және саяси партиялардың мемлекет істеріне заңсыз араласуына жол берілмейді.
Қазақстанның «Саяси партиялар» туралы Заңына сәйкес саяси партияның 40 000-нан кем емес мүшесі болуы тиіс.
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы
«Ауыл» Халықтық Демократиялық партиясы
«Бірлік» Саяси партиясы
«Ақ жол» Демократиялық партиясы
«Қазақстан коммунистік халық партиясы»
«Азат» Демократиялық партиясы
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП)
Қазақстанда ресми түрде тіркелген партиялар:
«НҰР ОТАН» ХАЛЫҚТЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ
Президенттің бастамасымен құрылған Қазақстанның ең үлкен партиясы
Партияның төрағасы: Нұрсұлтан Назарбаев
Құрылған жылы: 1 наурыз 1999 жыл
Төрағаның бірінші орынбасары: Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы
Мақсаттары: қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтау; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал ету.
Партияның қатарына “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялары бірікті
«Бірлік» саяси партиясы
Қазақстанның қоғамдық бірлестігі, саяси партиясы
Партия төрағасы: Серік Сұлтанғалиұлы Сұлтанғалиев
Тіркелген: 2003 жылғы 6 қазанда
Партия мүшелерінің саны: 72 000 адам
Партияның әлеуметтік негізі: білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және мәдениет салаларының қызметкерлері, кәсіпкерлер, студенттер және т.б
Басты міндеттері: экономиканы көтеру; әлеуметтік мәселелерді шешу; адамгершілігі жоғары; рухани бай қоғамды дамыту.