Қоғамдық-саяси ұйым. Құрылтай съезі 2000 жылы 30 қаңтарда өтті
Тіркелді: 1 наурыз 2002 жыл, қайта тіркеу: 2 сәуір 2003 жыл
Партияның төрағасы: Әли Әбдікәрімұлы Бектаев
Партияның әлеуметтік негізі: шаруалар мен фермерлік қожалықтардың жетекшілері, ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлер, интеллигенция
Партияның 80 000-нан астам мүшесі бар
Міндеттері: Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын жеделдетуге, қоғамды демократияландыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру; әлеуметтік әділеттілікті орнату; нарықтық экономиканы қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы өндірісінің басым бағыттарын дамытуға ықпал ету.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы
Партия төрағасы: Азат Перуашев
Тіркелген: 2002 жылғы 3 сәуір, қайта тіркеу: 2002 жылы 12 желтоқсан
Партия мүшелерінің саны: 180 000-ға жуық адам
Партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық және еркін Қазақстан
Негізгі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттілік
Партия Қазақстанды одан әрі демократияландыру бойынша ұсынымдар жасау жөніндегі келісу комиссияларының жұмысына белсенді араласады. Мәжілістің үшінші шақырылымында партия 1 мандатқа ие болды. Қазақстан фермерлер одағы, ауған ардагерлерінің Жауынгерлік бауырластар одағы, Каспий табиғаты, т.б. қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді
«Қазақстан коммунистік халық партиясы»
Орталық Комитетінің Хатшылары: Косарев Владислав Борисович, Кенжин Тулеш Аукебаевич және Ахметбеков Жамбыл Аужанович
Мемлекеттік тіркеу: 2004 жылдың 21 маусымында. Тіркеу күнінде партияда 90 000 мүше болды.
Мақсаты: ғылыми-техникалық прогресс пен ғылыми социализм принциптерінің негізінде шынайы халықтық билікке, әлеуметтік әділеттік, жан-жақты руханилық, бостандық пен гүлденген экономикаға қарай алға басу.