Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары



бет5/7
Дата02.12.2023
өлшемі88,97 Kb.
#132224
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
15 лек Қазақстан Республикасының сыртқы саясат және халықаралық қатынастары

Халықаралық қатынастар субъектілері ретінде саяси бастаманы қоғамдық пікірді көтеруге қабілетті, үкіметтің жүргізіп отырған саясатын реттеу мақсатында оларға ықпалын тигізуге мүмкіндігі бар беделді адамдар да түсе алады. Бұлардан басқа, қазіргі кезде аймақтық, мемлекетішілік қақтығысты жағдайды туғызуға қабілетті, жеткілікті түрде ықпалды халықаралық және мемлекетішілік саяси процестерге өсерін тигізе алатын заңсыз ұлттық мен құрылымдар да бар. бұл ұлттық мен құрылымдар кең көлемде қызмет істеуге қажетті материалдық-қаржылай, адам ресурстарына, өзінің идеологиясына, қарулы отрядтарға ие. Олардың саяси міндеті жартылай заңды ахуалға өтіп алу. Ол үшін, ең алдымен, өздерінің заңсыз, қылмыстық өрекеттерін ақтау және дамыту жолында мемлекеттік билікті пайдалану үшін мемлекеттік-билікгік құрылымдарға еніп алу қажетті. Осы қатермен күрес терроризмге, заңсыз бизнеске және басқаларына қарсы қажетті акцияларды қолдану үшін мемлекеттермен, БҰҰ күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың шынайы өзегі, ядросы мемлекеттердің өзара байланысы мен өзара қызметі болып табылады, өйткені мемлекет халықаралық аренада халықаралық байланыстар мен қатынастарға түсетін халықтардың тәуелсіздігін көрсетеді және осыған орай халықаралық қатынастар мемлекетаралық қатынастармен тығыз байланыста көрінеді.

  • Халықаралық қатынастар субъектілері ретінде саяси бастаманы қоғамдық пікірді көтеруге қабілетті, үкіметтің жүргізіп отырған саясатын реттеу мақсатында оларға ықпалын тигізуге мүмкіндігі бар беделді адамдар да түсе алады. Бұлардан басқа, қазіргі кезде аймақтық, мемлекетішілік қақтығысты жағдайды туғызуға қабілетті, жеткілікті түрде ықпалды халықаралық және мемлекетішілік саяси процестерге өсерін тигізе алатын заңсыз ұлттық мен құрылымдар да бар. бұл ұлттық мен құрылымдар кең көлемде қызмет істеуге қажетті материалдық-қаржылай, адам ресурстарына, өзінің идеологиясына, қарулы отрядтарға ие. Олардың саяси міндеті жартылай заңды ахуалға өтіп алу. Ол үшін, ең алдымен, өздерінің заңсыз, қылмыстық өрекеттерін ақтау және дамыту жолында мемлекеттік билікті пайдалану үшін мемлекеттік-билікгік құрылымдарға еніп алу қажетті. Осы қатермен күрес терроризмге, заңсыз бизнеске және басқаларына қарсы қажетті акцияларды қолдану үшін мемлекеттермен, БҰҰ күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың шынайы өзегі, ядросы мемлекеттердің өзара байланысы мен өзара қызметі болып табылады, өйткені мемлекет халықаралық аренада халықаралық байланыстар мен қатынастарға түсетін халықтардың тәуелсіздігін көрсетеді және осыған орай халықаралық қатынастар мемлекетаралық қатынастармен тығыз байланыста көрінеді.
  • Мемлекеттер арасындағы іргелі идеологиялық және саяси ерекшеліктердің негізінде пайда болатын әлемнің биполярлығы мемлекетеаралық кэтынастарға идеологияшылдықты енгізді, халықаралық сауданың, экономикалық байланыстардың калыпты дамуына кедергі келтірді, экономикалық мүдделердің (тауарға, қызметке, технологияға және т.б. эмбарго) жүзеге асу сферасын тарылтты, автаркияның дамуына алып келді. Осының барлығы елдердің, аймақтардың экономикалық прогресін тоқтатты, өмірдің милитарлануына әкеліп соқты. Бүгінгі күнде бұрынғы биполярлық келмеске кетсе де, оның салдары мемлекет басшыларының өзара сенбестігінде, халықаралық акциялардың шиеленіскен бағасында, тұтастай алғанда, халықаралық өмірді дұрыс қабылдамауда әлі де болса сақталынып отыр. Екі әлеуметтік жүйенің теке-тіресі екі өскери блоктың құрылуына өкеліп соқты: НАТО және Варшава Шарты ұйымы. бұл ар жауласушы екі жүйенің қаруы болған өскери-саяси одақтар еді. Әлемдік социалистік жүйенің күйреуі Варшава Шарты елдерінің өскери блогының тарауына алып келді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет