84
– «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті» пәнін оқыту арқылы студентке төл
әдебиетіміздің тарихын, оның қалыптасу үдерісін, әр түрлі даму кезеңдерін
және зерттелуі мен зерделенуі туралы білімді жинақтау;
– осы күнге дейін өзінің көркемдік мәнін, эстетикалық сипатын
жоймаған «Күлтегін», «Тоңұқұқ», «Оғыз қаған», «Қорқыт ата кітабы»,
«Диуану луғат ат-түрік», «Құтты білік», «Даналық кітабы», «Ақиқат сыйы»,
«Гүлістан бит-түрки», «Махаббат нама», «Қисас-ул әнбия» тәрізді жазба
ескерткіштердің табылуы мен аударылуын, олардың мазмұн-мағынасын,
әдеби ерекшеліктерін, көркемдік мұратын білдіру;
– аталған жазба ескерткіштердің әдеби-көркемдік жағынан өзінен
кейінгі әдебиетті дамытып-байытудағы орны мен маңызын түсіндіру;
– жекелеген жазба ескерткіштер мен көркем туынды үлгілерінің
мәтінін өз бетімен оқып-талдауына және әдеби-ғылыми тұрғыдан терең
зерттеп-шұғылдануына мүмкіндік беріп, жағдай жасау;
– «Күлтегін», «Тоңұқұқ», «Оғыз қаған», «Қорқыт ата кітабы», «Диуану
луғат ат-түрік», «Құтты білік», «Даналық кітабы», «Ақиқат сыйы», «Гүлістан
бит-түрки»,
«Махаббат
нама»,
«Қисас-ул
әнбия»
тәрізді
жазба
ескерткіштердің болашақта орта және орташа оқу орындарында оқытудың
әдіс-тәсілдерін игерту.
Курс мазмұнын меңгеру нәтижесінде студент:
– әдебиеттану біліміндегі ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттардың
даму логикасы турасында;
– әдебиеттану саласындағы және оның қазіргі бағыттарындағы кәсіби
білімді игеру, жинақтау, жеткізу және оңтайлы қолдана білу амалдары
турасында;
– әдебиеттануды жан-жақты дамытудағы жаңаша ақпараттық және
телекоммуникациялық
технологияларды
қолдану
және
олардың
терминологиясын игеру турасында
Достарыңызбен бөлісу: