Ќазаќстан республикасыныњ


Жүсіп  Баласағұни  (ХІ  ғ.)



Pdf көрінісі
бет151/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   416
Жүсіп  Баласағұни  (ХІ  ғ.).  Баласағұн  (Тараздың  маңайы)  қаласында 
туып-өскен  Жүсіп  Баласағұнидің  «Құтты  білік»  (1069-70)  кітабымен  әйгілі 
болғандығы.  Зерттелуі,  аудармалары,  басылымдары.  «Құтты  біліктің»  85 
тараудан тұратындығы. Шығыс патшаларының көшіртіп алып оқығандығы. 
Баласағұнидің даналық ойлары. Адам және оның кемелдену жолдары. 
Ғылым  іздеу,  ізгілік,  даңқ  пен  дәулетке  мастанбау,  әділет  жолын  қуу,  ажал 
есігіне  адамшылықты  аттамай  кіру,  т.б.  Адамдық  қасиеттерді  іздеу  –  ізгілік 
үшін. Тіл, білім, қайырымдылық туралы тараулары. Адамгершілік, руханият 
– «Құтты біліктің» негізгі өзегі. 
Кітаптың кейіпкерлері: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат. Төрт үйлесім, үш 
тұтастық  туралы  шығыс  ілімі.  Кітаптың  сұрақ-жауап,  диалог  түрінде 
жазылуы. 
Баласағұни мен Қорқыт ата, Абай ойларының ұқсастығы. Кемел адам, 
кісіні  абыройлы  ететін  сипаттар,  ғылымды  ізгілік  жолына  пайдалану:  «Бес 
нәрседен  қашық  бол».  «Үйлену  туралы»  тарауы:  Адал  жар  табу,  тәрбие 
мәселесінің  көтерілуі.  Жаратушыны  сүю.  Кемел  мемлекет  арманы. 
Жауанмәртлік  пәлсафасы.  Сүю  –  жан  бейнеті.  Өмірдің  өтпелілігі  туралы 
ойлары. Имам Ғаззали дүниетанымымен сабақтастығы. 
«Құтты  біліктегі»  қанатты  сөздердің  бүгінгі  қазақ  мақалдарымен 
ұқсастығы.  Хас  Хажыптың  қызметі  мен  қасиеттері.  Ақындар,  көпестер, 
бітігші,  уәзір,  елбасы,  қазынашының  қызметін  суреттеуі.  Табиғат  суреттері. 
Танымдық, тәрбиелік мәні. 
В.В.  Бартольд,  Е.Э.  Бертельс,  А.Н.  Самойлович,    А.Н.  Кононов,  С.Е. 
Малов  және  қазақ  ғалымдары  Х.  Сүйіншәлиев,  А.  Егеубаев,  М. 
Мырзахметов, Ә. Дербісәлиев, т.б. зерттеу еңбектері.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет