91
«Көсеуі ұзын болса, қолы күймес», т.б. көптеген мақалдардың бүгінге дейін
айтылатындығы.
«Жаз бен қыстың айтысы» өлеңі. Қазақ даласының мекен-жайлары
туралы деректер. Окс (өгіз), Еділ Өзендері, Баласағұн, Испиджаб, Тараз,
Сығанақ, Қарнақ т.б. жер-су атаулары. Түріктер туралы. Жиі кездесетін
есімдер: Құстегін, Алыптегін, Құлтегін, Атыш, Сәбит т.б. түркілердің жыл
қайыруы, тағамдары.
Алып Ер Тұңға – түркі көсемі туралы жоқтау жыры. М. Қашқаридің
әлемге Фирдоуси «Шаһнамасы» арқылы мәшһүр болған Афрасияптың
(Махмұт Қашқариде: Алып Ер Тұңға) тарихи тұлға екенін анықтап
бергендігі. Тұрған жері, жақындары туралы деректер. Алып Ер Тұңғаның
өлімнен қашуы туралы аңыз. Оның Қорқыт аңыздарымен ұқсастығы.
Жинақтағы насихат – дидактикалық өлеңдер. Сопылық поэзияға тән
көзқарастары: уақыттың тез өтпелілігі, қанағатшылдыққа шақыруы, жақсы
қасиеттерге ұмтылу. Табиғат
суреттері, ғашықтық жырлары.
Достарыңызбен бөлісу: