Ќазаќстан республикасыныњ


«Қисас-и  Рабғузи»  (1310  ж.)



Pdf көрінісі
бет157/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   416
Байланысты:
5В020500-Филология

«Қисас-и  Рабғузи»  (1310  ж.).  Шығарманың  жазылған  уақыты, 
туындыгері туралы мәлімет. «Қисас-ул әнбия» атымен танымал болуы. Қазақ 
арасына таралуы. Зерттелуі. 
«Қисас-и  Рабғузи»  («Рабғузи  қиссалары»)  ежелгі  дәуір  әдебиетінің 
жинағы  екендігі.  Насреддин  Тоқбұға  бектің  құрметіне  арналып 
жазылғандығы. 
Шығарманың 
көшірме 
қолжазбалары. 
Жарияланымдары. 
Аудармалары.  60-жылдарға  дейін  діни  шығарма  болғандықтан,  зерттеудің 
қолға  алынбағандығы.  Рабғұзи  қиссаларын  зерттеудегі  профессор  Б. 
Кенжебаевтың  басшылығымен  шыққан  «Ертедегі  әдебиет  нұсқалары»  атты 
кітаптың маңызы. Рабғұзи қиссаларының негізі шығыстан алынғандығы. Үш 
уыс  топырақ  туралы  миф.  Әзірейіл  мен  Жәбірейіл,  Адам  Ата  мен  Хауа 
Ананың  жаралуы.  Дүниені  жаратушы  туралы  идея,  аңыз-әңгімелердегі 
антропоморфизмнің  көріністері.  Діни  аңыздардың  негізгі  діннің  шығуынан 
көп 
бұрынғы 
замандарда 
туғандығы. 
Вавилон 
мифологиясымен 
тамырластықтар.  Тұрақты  сюжеттер.  Шумер  мифтерімен  ұқсастығы.  Нұх 
кемесі  туралы  мифтер.  «Топан  су»  мифтерінің  Шумер  жазбаларымен 
(Утнапиштим),  Вавилон  аңыздарымен  (Эа  құдай),  Америка  үндістерінің 
мифтерімен бір негізден тарағандығы. 
Дінді таратушылар, халифтер мен тарихи адамдар жайындағы деректі, 
дерексіз 
әңгімелер. 
Пайғамбарлар 
туралы 
аңыз-әңгімелер. 
«Нұх 


 
94 
қиссасындағы»  қарлығаштың  адамға  достығы.  Лұқман  хикаяттары.  Қазақ 
халық  ертегілерінде: «Аһил хайруан қиссасы», «Дәуіт қиссасы», «Егінші мен 
қойшы»,  «Сүлеймен  пайғамбар  мен  құмырсқа»,  «Зұлқарнайын  қиссасы» 
деген  атаулармен  кездесетіндігі.  Қазақ  ертегі-аңыздарымен  мазмұны 
жағынан  байланысы.  «Рабғұзи  қиссаларында»  ауыз  әдебиеті  үлгілерінің 
жинақталуы. 
«Жүсіп-Зылиха»  сюжетінің  шығыста  көп  тарағандығы.  Фирдоуси, 
Жәми,  Әли,  Рабғұзи,  Дүрбек,  Шайад  Хамзаның  нұсқалары.  Құранның  он 
екінші  сүресіндегі  Жүсіп  әңгімесі.  Бұл  әңгіменің  көне  Египетте  исламға 
дейін-ақ  тарағаны.  «Жүсіп-Зылиханың»  мазмұны:  Жақып  пайғамбардың  он 
екі  ұлы.  Қызғаныш.  Жүсіптің  зынданға  салынып,  Мысырға  сатылуы. 
Зылиханың  махаббаты.  Жүсіптің  түс  жоруы.  Ағаларымен жолығуы.  Кінәсін 
кешіруі. Әкесі Жақыппен кездесуі. Зылихаға қосылуы. 
«Рабғұзи  қиссаларындағы»  тарихи  оқиғалар.    Жер-су  аттары. 
Мұхаммед, Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли, Хүсейін оқиғалары. Таиф, Мысыр, 
Қанған (Ханаан), Палестина, Куфа, Шам, Меке, Мәдине, Кербаланың құмы, 
т.б. қала, ел атаулары. 
Рабғұзидің  табиғат  туралы  өз  өлеңдері.  Қазақ  арасында  Рабғұзи 
қиссаларының  таралуы.  Құлмұхаммед  Байғұлыұлы,  Ақыт,  Үлімжіұлы, 
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармаларындағы Рабғұзи сюжеттері.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет