«Хұсрау уа Шырын» (1341-1342 ж.ж.) дастаны. Авторы туралы
деректер. Дастанның қасқаша мазмұны. Иранның ханы Ануширван.
Хұсраудың тууы. Суретші Шапурдың әңгімесі. Миһин Бану және Шырын.
Хұсраудың Шырынды іздеп шығуы. Көп қиыншылықтардан кейін жолығуы.
Шырынның шарты. Византия патшасы, оның қызы Мәриям. Хұсраудың
еріксіз Мәриямға үйленуі. Исфахандық Шекер сұлу. Шеруяның оқиғасы.
Хұсраудың өлімі. Сүйгені үшін Шырынның өз-өзін құрбан қылуы.
Бұл дастанда Низамидің өзінің сүйікті жұбайы – қыпшақ қызы
Аппақтың бейнесін жасауы. Хұсрау, Шырын, Фархад бейнелері. Дастандағы
адамгершілік ойлары.
Шығарма кейінгі қисса-дастандарға желі болып тартылғандығы: балаға
зарығу, оның көрікті де білімді болып өсуі, бір шеттегі сұлудың даңқын
естіп, сырттай ғашық болу, екеуінің кездесуі жолындағы қиыншылықтар,
қызға ғашық болған бәсекелес кейіпкермен арадағы қақтығыстар, т.б.
қалыптардың бұл дастанда жүйеленуі.