кәсіби тақырыптарға хабарламалар, мақалалар, тезистер,
рефераттар жазу;
ауызша және жазбаша пікір айтқанда кәсіби сөйлеуге тән негізгі
грамматикалық бірліктерді тану және қолдану;
ауызша және жазбаша пікір айтқанда терминологиялық
сипаттағы белсенді және пассив лексикалық минимумды қамтыған өзінің кең
және тар мамандығының негізгі терминологиясын тану және қолдану;
кәсіби қызметте коммуникативті міндеттерді орындауға қажетті
ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және ақпараттық дерек көздерін іріктеу;
оқу және коммуникативті міндеттерге қойылған жетістікке жету
тәсілін өз бетінше анықтау.
құзыретті болу:
қазіргі маманның (іздеу сайттарымен, шетелдік ЖОО-дары мен
кәсіби қоғамдастықтардың беттерімен, электрондық энциклопедиялармен
және т.б. шет тіліндегі электрондық пошталармен жұмыс істеу) іскерлік
қарым-қатынас саласында кәсіби құзыретті қалыптастыратын маңызды құрал
ретінде ақпараттық технологияларының мүмкіндіктерін мақсатты және
белсенді қолдануда;
жобалық қызметте, оқу және ғылыми-зерттеу жұмысын
ұйымдастыру мен жүргізуде (конференцияларда баяндама жасау,
академиялық мобильділік және т.б. бағдарламалар бойынша гранттар мен
машықтануларға өтініштерді рәсімдеу).