40
Көркем өнердің өмір шындығын бейнелеу тәсілдері. Көркемділік.
Көркем әдебиеттің образдық табиғаты, дүние құбылыстарын бейнелеу
арқылы көрсету. Бейнелеу құралдары (құбылту): метафора, метонимия,
әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет т.т.
Көркем шығарма тілін құбылтудың жолдары. Метафора, синекдоха,
метонимия, кейіптеу, астарлау, ирония, гипербола, литота т.б. Құбылтудың
сөз мәнін өзгерту, суреттелетін құбылысты айқындау, бейнеленетін
обьектінің мазмұнын тереңдету ерекшеліктері.
Әдеби тілдің әсемдігі мен әсерлілігін күшейтетін айшықтаудың
(фигураның) түрлері: арнау және оның түрлері, қайталау және оның түрлері,
шендестіру, дамыту, түйдектеу, инверсия, элипсис, егіздеу т.б. Айшықтау
тәсіліндегі синтаксистік
қалыптың өзгеру себептері.
Достарыңызбен бөлісу: