Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
6В11201-«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА БОЙЫНША
Е с е б і
СТУДЕНТ: Садуов Нурсултан Диньмухамбетулы
КУРС: 3
КАФЕДРА: Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО
Алматы 2022
Өндірістік практика бойынша
СТУДЕНТТІҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
6В11201-«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы
3 курс студенті Садуов Нурсултан
Алатау ауданының Төтенше жағдай басқармасы
Өндіріс орнында практика өту нәтижесінде студент мынаны орындауы тиіс:
Өндірістік тәжірибе өтілетін жерде еңбек қауіпсіздігі ережелерімен танысу;
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі мен нормативтік актілерінің сақталуын бақылау жұмыстарымен танысу;
Әр түрлі нұсқамаларды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарымен танысу;
Басқарма аумағындағы өрт қауіпсіздігі жүйесімен танысу;
Алатау ауданының Төтенше жаңдай басқармасы аумағындағы қызметкерлердің демалыс, ауысым уақытымен танысу;
Басқарма аумағындағы бар толық жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарының түрлерімен танысу;
Тәжірибе өтетін аумақытағы электр қауіпсіздігі жүйесімен танысу;
Басқарма аумағындағы азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету жұмыстарымен танысу;
Басқарма аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу жұмыстарымен танысу;
Тәжірибе өтетін жердегі қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу жұмыстарымен танысу.
Студент _________________________ Садуов Н.Д.
Практика жетекшісі __________________________ Исанбекова.А.Т
VII. ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕБІ
Мен, Садуов Нурсултан Диньмухамбетулы Алматы қаласының Алатау ауданының Төтенше жағдайлар Басқармасында 30.05.2022 ж – 25.06.2022 ж аралағында өндірістік практикадан өттім. Тәжірибеден өту барысында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің қызметімен, еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерімен, заңнамалармен, қызметкерлердің еңбекті қорғау талаптарын дұрыс орындауын қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырылатын арнайы іс-шаралармен, жұмыс аймағындағы еңбекті қорғау маманының негізгі қызметімен танысу жұмыстарын жүргіздім.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Алатау ауданының төтенше жағдайлар басқармасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Алатау ауданының төтенше жағдайлар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне (бұдан әрі - Департамент) тікелей бағынатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) аумақтық бөлімшесі болып табылады. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің және Департамент бастығының бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабанлары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады. Басқарманың заңды мекенжайы: 050033, Алматы қаласы, Ақбұлақ шағын ауданы, Чуланов көшесі, 105. Басқарманың толық атауы - "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Алатау ауданының төтенше жағдайлар басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Басқарманың міндеттері:
1) азаматтық қорғау аясындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) өттердің алдын алуды және жоюды ұйымдастыру;
5) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін қылмыстық-процестік заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде анықтауды жүзеге асыру.
Басқарманың функциялары:
1) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тиісті аумақта азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) тиісті аумақта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстардыжергілікті атқарушы органға енгізу.
Құқықтары және міндеттері:
1) мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
2) белгіленген тәртіпте азаматтық қорғаудың мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
3) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
3-1) сотқа дейінгі іс жүргізу жөніндегі міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін мамандандырылған есепке алуды, ақпараттық жүйелерді пайдалану;
3-2) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген құзыреті шегінде жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды немесе хабарларды қабылдау, тіркеу және қарау;
4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Өндірістік тәжірибе өтілетін жерде еңбек қауіпсіздігі ережелерімен танысу. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекітудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекітудің тәртібін белгілейді. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Конституцияда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормативтік құқықтық актілерде, мемлекеттік уəкілетті органдар шығарған бұйрықтарда, салалық нормативтік актілерде негізделген нормалармен белгіленеді. Еңбек, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын əзірлеу мен іске асырылуын қамтамасыз ету, тиісті уəкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тəртібін белгілеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіретіне кіреді. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптар ҚР Еңбек кодексінің 179-190-бабымен регламенттеледі. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді жəне қызметкерлердің еңбек қызметі процесі кезінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рəсімдер мен нормативтерді қамтуға тиіс. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптар орындау үшін заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға да міндетті. Олар объектілерді жобалауды, салуды (қайта құрылымдауды) жəне пайдалануды, машиналарды, тетіктер мен өзге де жабдықтарды құрылымдауды, технологиялық процестерді əзірлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды қосқанда, қызметтің кез келген түрін жүзеге асыру үшін заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға да міндетті.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі мен нормативтік актілерінің сақталуын бақылау жұмыстарымен танысу.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының заңдарынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарт қағидалары қолданылады. Халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей қолданылады.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, әлеуметтік тұрақтылыққа, қоғамдық келісімге бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары:
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;
2) еңбек бостандығы;
3) еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;
5) жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
6) еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес сыйақы құқығын қамтамасыз ету;
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8) жұмыскерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
9) жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;
10) әлеуметтік әріптестікті нығайтуда және дамытуда мемлекеттің ықпалы;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу болып табылады.
Әр түрлі нұсқамаларды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарымен танысу.
Нұсқаулық талаптары осы жұмыс орындалатын жағдайларды ескере отырып, технологиялық процесс ретіне сәйкес:
1) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары;
2) жұмыс алдындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;
3) жұмыс уақыты кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;
4) авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;
5) жұмыс соңындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары жазылуы тиіс.
"Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары" бөлімінде:
1) адамдарды кәсібі бойынша дербес жұмысқа немесе тиісті жұмысты атқаруға (жасы, жынысы, денсаулық жағдайы, нұсқаудан өткізу) жіберудің шарттары;
2) ішкі тәртіп ережелерін сақтау қажеттігі туралы нұсқаулар;
3) еңбек және демалыс режимін орындау жөніндегі талаптар;
4) қызметкерге әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың сипаттамалары;
5) мемлекеттік, салалық стандарттар мен олардың техникалық жағдайлары көрсетілген, арнаулы киім, арнаулы аяқкиім мен басқа да қорғану заттарын берудің осы кәсіпке арналған нормалары;
6) өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар;
7) қызметкер білуі және жұмысты орындау кезінде сақтауға тиісті жеке гигиена ережесі көрсетіледі.
Басқарма аумағындағы өрт қауіпсіздігі жүйесімен танысу.
Басқарма аумағындағы өрт қауіпсіздігі жүйесі қызметтің басым түрлері:
адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Оқу орталығында жиындардан өту;
өрт-саптық дайындық;
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты объектідегі жұмыс;
өрттің алдын алу бойынша жұмыс;
материалдарды жинау орындарын тексеру;
төтенше жағдайларда мінез-құлық бойынша оқу-жаттығулар өткізу;
өрт қауіпсіздігінің профилактикасына бағытталған іс-шараларды жүргізу;
жалпы объект үшін және объектінің жекелеген бөлімшелері үшін өрт қауіпсіздігі нұсқаулықтарын жасау;
объект қызметкерлеріне өртке қарсы нұсқаулықтарды түсіндіру;
өрт туралы хабарлау құралдарын (радиобайланыс)қамтамасыз ету;
объектіні алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіштер, өрт крандары)қамтамасыз ету;
өрт қауіпсіздігінің автоматтандырылған жүйесінің жұмысын бақылау (датчиктер, диспетчерлік пункт).
Алатау ауданының Төтенше жаңдай басқармасы аумағындағы қызметкерлердің демалыс, ауысым уақытымен танысу.
Еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, салааралық ережелерін, еңбекті қорғау бойынша техникалық регламенттерді өзгерту кезінде, жаңа техника мен технологияларды енгізу кезінде, сондай-ақ өндірістік жарақаттанушылықты, жалпы және кәсіби ауруларды талдау нәтижелері бойынша еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі облысындағы мемлекеттік нормативтік талаптар олардың бекітілген мерзімнен тәуелсіз әрекеттері қарастырылуы мүмкін. Ұжымдық және жеке еңбек шарттары, әр түрлі еңбекті қорғау жөніндегі кеісімдер мен нұсқаулықтар, кәсіпорын стандарттары, ережелер, бұйрықтар және басқалары еңбекті қорғау бойынша жергілікті нормативтік актілерге жатады. Еңбек шартына, әдетте тараптардың келісімімен анықталатын дәне міндеттемелермен салыстырғанда еңбек шартының жағдайын жақсартатын құқықтың және міндеттемелердің минималды көлемі мен қосымша шарттар ретінде міндетті жағдайлар енгізіледі. Ішкі еңбек тәртібі жұмыс берушімен нормативтік актілер, ұжымдық актілер негізінде, кәсіпорын қызметінің ерекшелімін есепке ала отырып, сондай-ақ «Персонал туралы» Ережеге сәйкес әзірленеді. Еңбек тәртібі жеке және ұжымдық еңбекке арналған қажетті ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайларды, қызметкердің еңбекке танымдық қатынастарын құру жолымен, адал еңбегі үшін наным әдістерімен және марапаттаулармен, сондай-ақ қызметкердің тәртіптік қылмысы үшін тәртіптік өтеу амалдарымен жұмыс берушімен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес соңғысы ХЕҰ конвенциясының 22.06.1935 жылғы Жұмыс уақытын аптасына қырық сағатқа дейін қысқарту туралы» № 47 ережесін қайталады. Бұл барлық қызметкерлердің жұмыс уақытының максималды нормасы олардың қызметі мен жұмыс сипатына қарамастан жұмыс берушінің ұйым меншігіндегі нысандар мен ұйымдастырушылық-құқықтық нысандар аптасына қырық сағаттан аспауы қажет. көрсетілген норма оның жиынтық есебін қоса алғанда, жұмыс уақытының белгіленген тәртібі мен жұмыс аптасының түріне тәуелсіз еңбек шартының тараптарымен орындалады және қолданылады (жұмыс уақытының жиынтық есебі – жұмыс беруші белгілеген, бір жылдан асыруға болмайтын есептік кезеңдегі жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі).
6.Басқарма аумағындағы бар толық жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарының түрлерімен танысу.
Жеке құрама топтарының саны қорғаныс имаратының сыйымдылығы мен инженерлік-техникалық жабдықтарға 1 байланысты анықталады. Азаматтық қоғаныстың бейбіт және соғыс уақытыңда қорғаныс имараттарын пайдалану нұсқаулығында қорғаныс имаратының дайындықта болуы және оны пайдалануы мен қызмет көрсету тәртібі анықталған. Радиациядан қорғайтын орын (РҚО) - олар адамдар қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан радиоактивті зақымдау (ластанған) жағдайында сәуледен қорғауды және 2 тәуліктің ішінде есептегі дамылсыз келіп карапайым панаханаларға жасырынғанда жеке жатқан жасырынушыларды қабылдауды қамтамасыз ету керек қорғаныс заттарын қолдану қажет. РҚО шамалы қираған жерде орналасатын болса, оларды қоршаған құрылымдар 20кПа (0,2 кгс/кв.см.) тең шепте болған соққы толқының қамсыздандыруда толқынының қысымына есептелген болу керек. Күшті бұзылған, аймақтан алшақ РҚО шаруашылық объектілерін жұмысшылары мен қызметкерлерін, сонымен қатар санатталмаған қалалар, поселкалар мен тұрғын пункттерін халқын және халықты көшіру үшін белгіленген қалалар мен поселкелер, тұрғын пункттерінің халқын қорғау үшін арналған.
Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде уй-жайларды белгіленген мерзімде қорғаныс ғимараттары режиміне көшіруді қамтамасыз ететін барлық талаптар орындалуға және қауіпті жағдайда қорғаныс ғимаратына адам келуге қажетті жағдайлар сақтаулға тиіс. Қорғаныс ғимараттарын бейбіт уақытта:
- оқу пункті АК және ТЖ сыныптары;
- АҚ мүлігі мен жанбайтын материалдарды сақтауға арналған үй-жай;
- өндірістік өрт қаупі жоқ үй-жай;
- технологиялық, көлік және жүргінші тонелдері;
- кезекші электриктер байланысшылар кезекші бригадалар үй-жайы;
- жеңіл автокөліктерге арналған үй-жайлар;
- сала және қоғамдық тамақтандыру үй-жайлары;
- спроттық үй-жайлар;
- тұрмыстық қызмет көрсететін үй-жай ретінде пайдалану ретінде ұсынылады.
Тәжірибе өтетін аумақытағы электр қауіпсіздігі жүйесімен танысу.
Жалпы еңбекті қорғаудың және электр қауіпсіздігі бойынша барлық құқықтық мәселелері ҚР Коституциясымен шешіледі. ҚР Конституциясында (1995ж., 24 - бап, 31 - бап) еңбек жағдайларының қауіпсіздік талаптарына жауап беретін біздің еліміздің азаматтарының құқығы бекітілген. Еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне Мемлекет басшылары, Заң ұйымдары үлкен көңіл бөледі. ҚР еңбекті қорғау бойынша заңнаманы регламенттейтін негізгі құжат болып 2007ж. «ҚР Еңбек кодексі» табылады. Электр қауіпсіздігі бойынша бірыңғай ережелер болып әдетте «Электр қондырғылардың құрылысының ережелері» (ЭҚЕ), «Тұтынушылардың электр қондырғыларды техникалық пайдалану ережелері» (ТПЕ), «Тұтынушылардың электр қондырғыларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері (ҚТЕ). Бұл - іс жүзінде электр қауіпсіздігі бойынша Мемлекеттік стандарттар. Электр қауіпсіздігінің нормалары МСТ 12.1.038-88 ЕҚСЖ «Электр қауіпсіздігі. Жанасу және токтар кернеулерінің шекті рұқсатты деңгейлері» стандартымен ұсынылады. «Электр қондырғылардағы пайдаланылатын қорғаныс құралдарын қолдану және сынау ережелеріне» сәйкес белгілер мен плакаттар төрт топқа бөлінеді: алдын-ала сақтандыратын белгілер мен плакаттар, сонымен бірге тыйым салатын, рұқсат ететін және құлағдар ететін плакаттар. Электр қондырғылар үшін қауіпсіздік плакаттары мен белгілері 1-суретте келтірілген. Плакаттар мен жазулар - кернеуде болатын ток жүретін бөліктерге абайсызда жанасуды ескерту ғана емес, қызметкердің қате іс - әрекетінің алдын алу, жұмысқа дайындалған орындарды жұмыс істеушілерге көрсету, қондырғының кернеудегі берілген бөлігін қосуға қолданылған қауіпсіздік шаралары мен тыйым салу үшін де ең бір керекті құрал. Дабыл түстерін және электр қауіпсіздігі белгілерін пайдалану мен олардың талаптарын орындау көліктегі және құрылыстағы электр жарақаттарын азайтуға мүмкіндік береді.
Басқарма аумағындағы азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету жұмыстарымен танысу.
Азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесi (бұдан әрі – АҚМЖ) – Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден қорғау жөніндегі жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған, азаматтық қорғаудың басқару органдарының, күштері мен құралдарының жиынтығы. Әрбір аумақтық кіші жүйе ведомстволық бағыныстағы аумақта азаматтық қорғауды ұйымдастыру мен жүргізуге арналған және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияны, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін, күнделікті басқару органын ("112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін, кезекші-диспетчерлік қызметтер), осы аумақтағы салалық кіші жүйелердің күштері мен құралдарын, оның ішінде қаржы, азық-түлік, медициналық және материалдық-техникалық ресурстарды, байланыс, құлақтандыру, ақпаратпен қамтамасыз ету жүйелерін қамтиды. Аумақтық кіші жүйелердің міндеттері, жұмыс істеуін ұйымдастыру және оның тәртібі, мемлекеттік органдардың объектілік және жергілікті төтенше жағдайлар кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдар бекітетін ережелермен айқындалады.
Басқарма аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу жұмыстарымен танысу.
Іс-қимыл жоспарын әзірлеу мына мақсаттарда жүргізіледі:
әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру саласында қазіргі уақытта бар көптеген жоспарлау құжаттарына бірыңғай құқықтық мәртебе беру;
барлық құжаттарды бірыңғай форматқа келтіру
бірыңғай қолданылу мерзімін, бекіту және келісу тәртібін белгілеу.
Іс-қимыл жоспарының құрылымында мыналар ұсынылады:
бір үлгідегі Төтенше жағдайлар (бұдан әрі - ТЖ) туындаған кездегі іс-қимылдар туралы мәліметтер бүкіл жоспар бойынша шашыраңқы болған кезде жоспардың көлденең құрылуынан нақты ТЖ туындаған кездегі іс-қимылдар құжаттың бір бөлімінде ұсынылған кезде тік құрылымға көшу;
Төтенше жағдайлар туындаған кезде іс-әрекеттерді тікелей жоспарлауға көбірек назар аударыңыз (жоспардың қолданыстағы құрылымында көлемнің 85-90% - ын ақпараттық, анықтамалық материалдар мен теориялық есептеулер алады, көбінесе іс-әрекеттерді жоспарлау кезінде пайдалы ақпарат жоқ және жалпы көлемнің тек 3-5% - ы іс-қимыл жоспары болып табылады);
жоспарда әр түрлі ден қою деңгейінде күштер мен құралдарды басқару мен қолдануды ұйымдастыру ерекшеліктерін ескеру қажет.
Тәжірибе өтетін жердегі қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу жұмыстарымен танысу.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарында ТЖ түрлері мен клтірілген зардаптары, келтіру зардаптары болжанып нақты ақпараттармен келтіріледі.
Алатау ауданының Төтенше жағдайлар Басқармасында тәжірибеден өту барысында келесідей міндеттер орындалды:
- Алатау ауданының Төтенше жағдайлар Басқармасы аумағындағы еңбек қауіпсіздігі құжаттарымен, нормативтік құқықтық актілерімен, қауіпсіздік ережелерімен, Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарымен толық таныстым;
- Нұсқаулықты дұрыс жүргізуді үйреніп, еңбек қауіпсіздігі бойынша актілердің электронды нұсқасын жасадым;
- Тәжірибе барысында орындалған жұмыстар бойынша қорытынды есеп жасап, жетекшіме есеп бердім.
Алатау ауданының Төтенше жағдайлар Басқармасында тәжірибеден өту барысында еңбекті қорғау маманының қызметі бойынша көптеген біліктілігі жоғары мамандармен жұмыс жасап, жоғары деңгейде тәжірибе жинақтадым. Тәжірибе уақыты қызықты болып өтті, тәжірибеден өту барысында Басқармадағы жұмыстарды атқару барысында үйренгенім көп болды.
Студент __________________________ Садуов Н.Д.
Достарыңызбен бөлісу: |