Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет28/33
Дата06.03.2017
өлшемі4,12 Mb.
#8488
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

Resume
In the article the essence of scientific strategic planning is defined, four main types of administrative activity are
analyzed within process of strategic planning. The essence of strategic planning of economic processes is defined by
state strategy which is understood as an orientation of balance change of forces in social groups at a certain stage of
historical development. The state strategic planning is the only tool for ensuring acritical development of economy
in  the  direction  of  the  steady  growth  of  life  quality.  In  the  article  concepts  of  the  strategic  plan  of  the  Ministry
of Agriculture of RK, its mission and vision are specified. The analysis of the current problems which allows to
draw a conclusion is carried out that in comparison with the economy of 2008–2010 the agricultural organizations
improved,  activity  of  large  agro-industrial  formations  gained  development,  work  on  social  development  of  rural
territories was sped up. The priority of the direction of development of agrarian and industrial complex of RK which
did not find reflection in the strategic plan, namely innovative development of agro-industrial complex is determined.
The condition of agro-industrial complex of the Republic of Kazakhstan by means of the analysis of the strategic
plan of the Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan for 2011–2015 is also characterized. Dynamics
of development of agro-industrial complex of Kazakhstan is tracked; the main problems of development of agro-
industrial complex of Kazakhstan are revealed and added.

203
ӘОЖ 334.021:35
С.У. ТОҚТАСЫНОВ, 
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ
экономикалық университетінің
аға оқытушысы, магистр
АГРАРЛЫҚ  САЛАДАҒЫ  кӘСІПкЕРЛІкТІ  
ДАМЫТУДЫҢ  ШЕТЕЛДІк  ТӘЖІРИБЕСІ
Мақалада  ауыл  шаруашылығы  дамуының  әлемдік  тенденциялары,  жекелеген  мемлекеттер  мен  эко-
номикалық қауымдастықтардың аграрлық саясаты, сонымен қатар осы саладағы реформалар мен олардың
нәтижелері  қарастырылады.  АҚШ-тың  ХХ  ғасырдың  ортасынан  бастап  аграрлық  саладағы  ішкі  саясаты
қарастырылып,  АҚШ  Президенті  кезінде  Шағын  Бизнес  Әкімшілігін  қалыптастыру  мақсаттары,  негізгі
қызметтері  мен  қызметтің  нәтижелері,  күні  бүгінге  дейінгі  атқарып  отырған  қызметінің  нәтижелері
келтіріледі.  Сондай-ақ,  осы  ұйымның  қазақстандық  аналогы  ретінде  «Даму»  кәсіпкерлігі  даму    қорының
негізгі даму бағыттары мен қызметтің нәтижелері қарастырылған. Мұнымен қатар, экономиканың аграрлық
саласы ішкі және сыртқы нарықта жақсы нәтиже көрсетіп отырған Канаданың тәжірибесі қарастырылады.
Қарқынды  дамушы  мемлекеттердің  бірі  көрші  ел  –  Қытай  Халық  Республикасы  болып  табылады.  Қытай
тәжірибесін  қарастыру  барысында  ҚХР  экономикасының  аграрлы  саласында  бесжылдық  жоспарлардың
нәтижелілігі анықталды. Қытай халқы әрқашан еңбексүйгіштік пен жауапкершіліліктің мысалы болып ке-
леді.  Еуропалық  Одақтың  азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  саласындағы  саясатының  тәжірибесі,
ХХ ғасырдың аяғындағы аграрлы реформалар мен еуропалық аграрлы саясаттың даму тенденциялары, аг-
рарлы  саясаттың  нәтижелері  мен  салдары  қарастырылған.  Жалпы  алғанда  Қазақстанда  аграрлы  саладағы
кә сіпкерлік қалыптасқан және даму үстінде, бұған мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүзеге асып
жатқан шаралары септігін тигізді. Қазақстан дамыған мемлекеттердің тәжірибесін қолданып отырғанымен
әлі де мемлекеттік билік органдары, кәсіпкерлер мен халық тарапынан жауапкершілікті қажет етеді.
Тірек сөздер: кәсіпкерлік, шаруа қожалығы, заңды тұлға, агроөнеркәсіптік кешен, аграрлық кәсіпкерлік,
мемлекеттік реттеу.
Шағын  және  орта  кәсіпкерлік  экономикалық  дамудың  маңызды  факторы.  Кәсіпкерлік
қызмет – еліміздің экономикасы үшін халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына
әсер  ететін  қажетті  буын.  Бірақ  мемлекет  тарапынан  бөлінген  қаржылық  қолдаудың  жетіс-
пеушілігі, өнеркәсіп пен шағын кәсіпорын өнімдеріне қойылған бағаның теңсіздігі және нарық
инфрақұрылымының  нашарлауы,  өзара  төлемдердің  орындалмауы,  бағаның  өсуі,  шетелден
сапасыз өнімдердің ағылып келуі, жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі
және тағы басқа себептер әрбір саладағы кәсіпкерлік қызметке теріс ықпалын тигізіп отыр.
Ел экономикасының тұрақталуы кәсіпкерлік құрылымдарды қалыптастырып, дамыту аз уақыт
ішінде  өзінің  нәтижелерін  беретіні,  нарықтық  жағдайға  сай  құрылған  шағын  құрылымдар
өндірістік  тиімділікті  арттыру  барысында  құлдырап  кеткен  кәсіпорынның  экономикасын
жақсаруына, әрбір саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын және орта бизнестік субъектілердің
ұлғая бастағаны мысал бола алады. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да
ықпал етеді. Осындай жағдайда кәсіпкерлікті дамытудағы шет елдік тәжірибенің маңызы зор.
Экономикасы  дамыған  елдерде  аграрлық  саладағы  кәсіпкерліктің  қалыптасуы  мен  да-
муы  бірнеше  кезеңнен  өтіп,  онжылдықтарды  қамтыды.  ХХ  ғасырдағы  дүниежүзілік  соғыс-
тардан  кейін  көптеген  елдер  экономиканың  барлық  саласын  қайта  қалпына  келтіруде  мем-
лекет  қолдауына  жүгінді.  Экономиканың  сондай  салаларының  бірі  ауыл  шаруашылығы,
жал
 
пы  алғанда  агроөнеркәсіптік  кешен  болатын.  Әсіресе,  Еуропа  және  Азия  елдеріндегі
агро өнеркәсіптік кешенде кәсіпкерлікті дамытуға түрткі болған алғы шарттарға аграрлық са-
ладағы дағдарыстардың жиілеп орын алуы еді. Осындай жағдайда мемлекет тарапынан шаруа
қожалықтарын  дамыту,  оның  экономикалық  және  әлеуметтік  мәнісіне  көңіл  бөлу  ауыл  ша-
руашылық өнімдерінің ұсынысы мен сұранысына ықпал етті.
Дамыған  елдер  тәжірибесіне  қарасақ  аграрлық  саланың  дамуы  көбінесе  нарықтық
қатынастар негізінде емес, мемлекеттің тікелей және жанама араласуымен іске асып жатады.
Бұл жерде айтып отырған тікелей реттеу механизмдеріне мемлекет тарапынан қабылданатын
заңдар  мен  бағдарламаларды  атасақ,  жанама  реттеу  механизмдеріне  қаржылай  субсидиялар
беру, салықтардан босату жатады [1].

204
Мысалы Солтүстік Америка елдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің астық, сүт және
мақта сияқты түріне мемлекет тарапынан қолдау жасалынып, ауыл шаруашылығы өнім дерін
субсидиялау,  ғылыми  инновацияларды  енгізу,  сақтандыру  мен  лизинглеу,  сондай-ақ  фер-
мерлердің  осы  саладағы  білімдерін  жетілдіру  бойынша  кешенді  бағдарламаларды  ұсынған
және сол бағдарламалардың іске асуына толық мүмкіндіктер жасады.
Америка Құрама Штатының ауыл шаруашылық саласы жеке тауар өндірушілер негізінде
дамып, елдегі экономикалық саясаттың дамуы жеке тауар өндірушілердің мүддесіне негіздел-
ген, сондықтан да қоғамдық саясат сол жеке тауар өндірушілер мен жеке тауар өндірушілердің
дамуына көп ықпал жасайды. АҚШ аграрлық саясаты төрт бағытта жүзеге асырылуда:
 
Š
елді азық-түлікпен қамтамасыз ету;
 
Š
өндірістік бағдарлама;
 
Š
жерді қорғау және консервациялау бағдарламасы;
 
Š
ауыл шаруашылығы өндірісін өткізу.
АҚШ-ның  аграрлық  саласында  мемлекеттік  басқаруды  федерация  деңгейінде  Ауыл
шаруашылық  министрлігі  жүзеге  асырады  және  оның  негізі  функциясы  ғылым  мен  тех-
никаның жетістіктерін ауыл шаруашылығы саласына енгізу, агроөнеркәсіп кешенінде эконо-
микалық талдау жасау, азық-түлік бағдарламасын орындау, фермерлерге көмек көрсету, егін ша-
руашылығын қаржыландыру, сақтандыру, несие беру, ауылдық жерді электрмен және телефон
байланысымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өнімдеріне меркетингтік зерттеулер жүргізу,
тұтынушыларды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету, табысы төмен азаматтарды
азық-түлікпен қамтамасыз ету [2].
Енді  АҚШ-та  жалпы  шағын  кәсіпорындарға  мемлекет  тарапынан  көрсетілетін  көмекке
келейік. Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйым – 1953 ж. АҚШ Конгресі құрған шағын
бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табыла-
тын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953 ж. елдегі жұмыссыздық және инфляциямен
күрес Эйзенхауер әкімшілігінің басты мақсаттарының бірі болатын. Экономиканы жандан дыру
үшін құрылған шағын бизнес әкімшілігінің (ШБӘ) қызметі рң нәтиже берді. Қазіргі уақытта
АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн. кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысшылардың 54%
қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі
сату  көлемінің  52%  құрайды,  және  99,7%  кәсіпкерлер  шағын  бизнес  басшылары.  Шағын
бизнес әкімшілігі – шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты
міндеті – шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру және қолдау. ШБӘ өз қызметін басқа агенттіктер
мен комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялармен біріге отырып жүзеге
асы рады. Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын бизнес әкімшілігі
шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға көмектеседі. Шағын бизнес әкімшілігін де
5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашингтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық
орталығы және 66 территориялық бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байланыс аудан –
аймақ – орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы шағын бизнес қоғамдағы ресми бел-
сенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады [3].
Америкалық  тәжірибе  көрсетіп  отырғанындай  кәсіпкерлік  еркіндікті  шектейтін  кез
келген  үкіметтік  немесе  басқа  да  шектеулер  ресми  белсенділікті  төмендетеді.  Сондықтан
шағын бизнестің барлық мүдделері АҚШ конгресінің бақылауында. Дегенмен, шағын бизнес
әкімшілігі шеңберіндегі жобалар ерекше рөл ойнайды. Мысалы, шағын бизнеспен айналысқысы
келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді, конференциялар
ұйымдастырады,  кездесу  және  семинарлар  өткізеді.  Оның  үстіне,  шағын  бизнес  бизнес  –
инкубатордың бастауымен ақпарат беру, кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар
бойынша кеңес берумен айналысатын орталықтар ұйымдастырылған.
Бұдан  басқа,  1976  ж.  арнайы  шағын  бизнес  мүдделерін  қорғайтын  Адвокаттық  кеңсе
құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңсенің негізгі міндеттері:
 
Š
мемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын бизнестің да-
муына әсерін зерттеу;
 
Š
шағын бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және статистикалық зерттеулер
жүргізу,  шағын  бизнес  потенциалын  бағалау,  шағын  бизнес  мәселелері  мен  қажеттіліктерін
зерттеу т.б.

205
Қазақстандық  тәжірибеде  шағын  бизнеске  көмектесудің  «инкубаторлық»  жобасын  одан
ары дамытқан жөн. «Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көр-
сету мақсатында университет, ұйымдар, компаниялар, федералдық үкімет органдары жандары-
нан ашылған ұйымдарға қолданылды. «Инкубатордың» басты міндеті бастапқы кезде шағын,
әсіресе  иннновациялық  бизнесті  қолдау.  Инкубаторлар  жанынан  құрылған  кәсіпорындар
тәжірибе  жинайды,  одан  ары  даму  үшін  көмек  алады,  нарықтағы  өз  орындарын  бекітеді.
Дамудың  белгілі  бір  деңгейіне  жеткеннен  кейін,  әдетте  дамыған  елдерде  үш  жылдан  соң,
фир малар бизнес – инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға
бизнесті жаңадан бастап жатқан фирмалар келеді [4].
АҚШ  пен  Канадада аграрлық  саясатты  Ауыл  шаруашылығы  министрлігі  арқылы  атқар-
ғанымен  мемлекеттік  реттеу  астық,  сүт  және  мақта  өнімдеріне  көп  араласқан.  Мемлекеттік
реттеу тікелей жүрмесе де, аграрлық саланы ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұранысты
арттыру, ғылыми-зерттеулерді осы салаға бағыттау бағдарламалары, ауыл шаруашылық тех-
никаларын лизинглеу, ауыл шаруашылық өнімдерін сақтандыру мен субсидиялау арқылы іске
асып  отырады.  Осы  аталған  шараларды  жүзеге  асыру  үшін  АҚШ  Үкіметі  жылына  орташа
есеппен 15 млрд доллар жұмсаса, Канада 5 млрд доллар жұмсап отырады екен.
Канадада ЖІӨ-нің 2%-ын аграрлық сала құраса, осы салада елдегі жұмыспен қамтылған
халықтың  да  2%  аграрлық  салада  жұмыс  істейді  екен.  Қазіргі  таңдағы  Канаданың  ауыл
шаруашылық  саласындағы  федералдық  саясаты,  бір  жағынан  –  негізгі  ауыл  шаруашылық
өнімдерінің  (бидай,  сүт,  құс  өнімдері)  сауда-саттығын  монополиялық  мемлекеттік  реттеуге
және қалған өнімдердің (ет, картоп, жеміс-жидек, көкөніс, жүн, темекі, т.б.) көтерме саудасына
өндірушілер монополиясын орнатуға негізделсе; екінші жағынан – капитал мен негізгі өн ді-
рістік құралдардың жеке және кооперативтік меншік иелерінің, сондай-ақ, жерге деген жеке
меншік иелерінің өндірістік іс-әрекет түрлерін, тәсілдері мен жолдарын еркін таңдауға мүм-
кіндік берумен ерекшеленеді [5].
Ал,  Еуропалық  экономикалық  кеңістікте  одақтық  және  мемлекетаралық  реттеулер  ауыл
шаруашылығының барлық өнімдерін қамтыды. Ол, әсіресе, несиелеу, салықтарды жеңілдету
түрінде  жүргізілді.  Еуропалық  Одақ  мемлекеттерінде  маусымдық  егін  салу  және  жинау
жұмыстары  кезінде  несиелеу  барысында  жанар-жағар  майға  салық  бөлек  қарастырылады.
Дегенмен, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге төленген салық сомасы бойынша тө-
лемдерді  компенсациялау  немесе  салықтан  толықтай  босату  сияқты  жеңілдіктер  бекітілген.
Мысалы,  Францияда  ауылшаруашылық  өнімін  өндірушілер  мұнай  өнімдеріне  қосымша  құн
салығынан толықтай босатылады немесе ауыл шаруашылық жұмыстарында 1 гектарға 100 л
дизель отыны пайдаланылса 50% жеңілдік беріледі екен [6].
Еуропалық Одақ елдерінде қалыптасқан Ортақ аграрлық саясатты қолдаушылармен қатар
қарсы болып  отырғандар да жоқ емес.  Еуропадағы Ортақ аграрлық саясат ұстану ол нарық
заң дылықтарынан ауытқып таза мемлекеттік қолдау мен бақылауды күшейту, яғни осы салаға
Одақ  тарапынан  қаржыландыруды  тұрақты  іске  асыру  көзделді.  Осы  саясаттың  аясында
«Ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарының  тиімділігін  арттыру»  бағдарламасы  қабылданған.
Осы  бағдарлама  негізінде  Еуропалық  Одақ  елдерінде  еңбек  ресурстарын  жетілдіруге,  жас
фермерлерге бизнесті ұйымдастыру мен басқару, бақылауда тың кеңестер беруге, технология-
лық жаңғыртуға бағытталған инвестиция салынып тұрады.
Еуро  Одақтың  Ортақ  аграрлық  саясатына  қарсы  болғандардың  пікірінше,  ұсыныс  пен
сұраныстың  заңдылығын  бұзатын  болса,  Ортақ  аграрлық  саясаттың  нәтижесінде  азық-түлік
ысырапшылдығы артады. Ал, еркін нарық болса ресурстарды тиімді үлестіріп отыратын еді.
Еуропаның аграрлық саясатын қолдаушылардың пікірінше, ОАС Еуропадағы азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Фермерлерге қажетті тұрақтылықты ОАС ұстап тұрады, бол-
маса бүткіл Еуропа кеңістігі азық-түлік импортына тәуелді болып қалуы мүмкін.
Ортақ аграрлық саясаттың қалыптасуының алғы шарттарына еуропалық нарықта тауар дың
еркін тасымалдануы, ортақ кедендік тарифтердің болуы және қаржы саласындағы Еуропалық
Одақ  мемлекеттері  арасындағы  салиқалылық  ықпал  етті.  Осы  қаржыландыру  мәселесі  тө-
ңірегінде Еуропалық комиссия жұмысы күрделі жағдайда келеді, оның негізгі себебі әр елдегі
кәсіпкерлер  кірісі,  аграрлық  салада  жұмыс  істейтін  жұмысшы  күшінің  сандық  айырмашы-
лығы, сондай-ақ несиелеу жүйесіндегі айырмашылықтар. Осы мәселені шешуде Еурокомис сия

206
ортақ шешімге келіп, қазіргі таңда әр мемлекет Еуро Одаққа аграрлық салаға қаражат бөліп
соның есебінен әр елдің аграрлық жағдайына қарай бекітілген бағдарламаларды іске асыруға
қаржы  да  әр  түрлі  бөлінеді.  Осы  шаралардың  нәтижесі  Еуропадағы  азық-түлік  қауіпсіздігін
қамтамасыз етіп отыр.
Ұлыбритания Үкімет шағын бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік –
экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу, жекешелендіру, ең-
бек заңдары саласындағы шаралар), сонымен бірге әр түрлі экономикалық, ұйымдық, құ қықтық
нормалар  мен  әдістерді  қолданады.  1991  ж.  Ұлыбританияда  ұсақ  кәсіпорындарға  оларды
басқару  мәселелері  бойынша  көмек  беруге  мамандандырылған  фирмалардың  қызметінен
зерт теу жүргізілді. Шағын кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес берушілер танысып, кеңес
берумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының фирманың жүзеге асуына
ат салысады. Мұндай көмек және орта және шағын бизнестің даму стратегиясы бұл саланың
Ұлыбританияда гүлденуіне септігін тигізеді.
Франциядағы бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және әкімшілік ша-
раларды  қосатын  жоба  дайындалды.  Француз  үкіметі  қаржылық  ынтаға  көп  көңіл  бөледі.
Ол  жаңадан  кәсіпорын  құруға,  фирмалардың  басқа  аймақтарға  ауысуына,  инвестицияның
өсуіне, шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді
ұсынады.  Мемлекет  ұсақ  және  шағын  фирмаларға  несие  беретін  бірқатар  ұйымдар  құрды.
Оның ішінде – аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық енгізуді қар-
жыландыратын  компаниялар  және  т.б.  Францияда  несиелерді  кепілдендіретін  50-ге  жуық
ұйымдар бар. 80 жж. басында несиелерді кепілдеудің Ұлттық қоры құрылды. Қор шағын және
орташа  фирмаларды  тәуекел  капиталды  ұсынатын  компанияның  қарамағында.  Ол  шағын
бизнеске әр түрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65% кепілдеуді қамтамасыз
етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұстап тұру үшін
қаржылық ресурстар бөледі [7].
Қазіргі таңда Еуро Одақ елдеріндегі ауыл шаруашылығы экономиканың жоғарғы деңгейде
дамыған,  еуропа  халқын  азық-түлікпен  қамтамасыз  етуде  өндірістің  озық  технологияларын
пайдаланып  отырған  саласы.  Осы  саладағы  өнімнің  сапасының  жоғарғы  деңгейде  болу
себебін келесі факторлардан көруге болады, үстіміздегі ғасыр басталғанда Еуро Одақтың аг-
рарлық саладағы ЖІӨ 280 млрд еуроны құрап, қосымша құн 140 млрд еуроға жеткен, алайда,
ЖІӨ-нің  1,7%  ғана  құраған.  Ауыл  шаруашылығы  саласындағы  жұмысшылар  саны  6,7  млн-
ға жеткен, шаруашылықтар саны 7 млн-ға жуық болса, алқаптар көлемі 130,4 млн гектарды
құрады. Осындай көрсеткіштермен Еуро Одақ ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің
импортында 5,7%, экспорттың 6,2% үлесін алды.
Еуропаның аграрлық саладағы жетістіктері мен тиімділігінің артуының кері әсері ауыл-
шаруашылығымен  айналысатын  тұрғындар  санының  күрт  кеміп  кетуіне  ықпал  етті,  ауыл
шаруашылығымен  айналысатын  тұрғындар  саны  экономиканың  барлық  саласында  жұмыс
істейтіндердің 4,1% құрап отыр.
Азиядағы жалпы әлемдегі экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Қытай Халық Рес-
публикасының аграрлық саладағы фермерлерге жасап отырған жеңілдіктері орасан зор.
Қытай экономикасының маңызды саласы ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауыл ша-
руашылығының жетекші саласы – өсімдік шаруашылығы. 2007 жылы Қытай 500 млн тонна
астық өнімін жинады. Бұл – елдің барлық тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Қытай  Үкіметі  шаруаларды  жан  жақты  қолдау  саясатын  жүргізді,  олардың  өмірін  жақ-
сартуға  ұмтылды. Шаруалар  ауыл  шаруашылығы  салығынан,  мал  сою  салығы  және  ерекше
ауыл  шаруашылығы  өнімі  салығынан  толық  босатылды,  сондай-ақ  арнайы  субсидия  беру
белгіленген, мысалы, ауыл шаруашылығы қызметімен айналысатын шаруаларға субсидия, се-
лекциялық тұқым шығару үшін, ауыл шаруашылығы құралдары мен жабдықтарын сатып алу
үшін субсидия беру. Көп мөлшерде астық өндіретін дихандарға дотация мен уездер төлемдері
өсті.  Дәнді  дақылдардың  негізгі  сорттарына  ең  төменгі  сатып  алу  баға  саясаты  енгізілген.
Бірқатар  аудандарда  шаруалардан  кепілдік  берілген  бағалар  бойынша  астықты  сатып  алуға
кепілдік  берілген  мемлекеттік  тапсырыс  енгізілген.  Шаруаларға  көмектің  тағы  бір  бағыты
шаруаларға несие беруді жеңілдету және ақысыз көмек көрсету болды.

207
Қытай үкіметі ауылдық қаржы бөлудің барлық үш түрін жойды: жинақ қорына, әлеуметтік
қорға  және  ауыл  деңгейдегі  әкімшілік  басқару  қорына,  сондай-ақ  ағартуға,  жоспарлы  бала
тууға, жол салуға және кейбір басқа да өкімет өндіріп алатын қосымша алымдар. Енді барлық
осы шығындар мемлекеттік бюджеттен жабылады. Сонымен, қытай шаруалары үлкен ұтысқа
жетті. Соңғы үш жылда шаруалардың орта жылдық табысы сегіз пайызға өсті.
Шаруалардың астық өндірісіне қызығушылығын арттыру үшін, Үкімет, астық өндірумен
айналысатын шаруаларға 2006 жылы 1,4 млрд АҚШ долл. көлемінде арнайы қаражат бөлген.
2006 жылы қытайлық шаруалар жеткен тағы бір жетістік ертенгі күнге деген сенімділік
бо лып табылады. 2006 жылы орталық үкімет ауыл тұрғындарына 1,94 млрд АҚШ долл көле-
мінде жәрдемақы бөлді. Бұл ақша 2005 жылдан 20%-ға артық. Үкімет елдің барлық ауыл тұр-
ғындарын өзіне әлеуметтік жәрдемақы, әлеуметтік сақтандыру, медициналық сақтандыру және
т.б. қосатын әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтуға уәде берген.
Медицина қытай шаруалары үшін ең басты қорғалудың бірі болып отыр. Оның шешімі не
қазір  кооперативтік  медициналық  қызмет  көрсету  жүйесі  белсенді  енгізілуде.  2006  жылдың
аяғында осындай қызмет көрсету жүйесімен ауылдық уезддің 80% тұрғыны қамтылған. Бұл
жүйеге қатысушы он юань көлемінде жыл сайын жарна төлейді. Тағы он юаньды жергілікті
үкімет  төлейді.  Және,  егер  шаруа  ауырып  қалса,  оның  емделуіне  барлық  шығындарды  сақ-
тандыру компаниялары өзіне алады.
Қытай ғалым-селекционерлері үлкен үлес енгізіп, астықтың жүздеген жаңа түрін шығарған.
Қытай  селекционерлерінің  ең  үлкен  жетістігі,  өнімділігі  жай  сорттар  өнімділігінен  анағұр-
лым артық будандалған күріш болды және 25 жылда астық түсімін жүздеген миллион тоннаға
көбейтуге  мүмкіндік  берді.  Қытай  үкіметінің  жоспарына  сәйкес,  климаттың  өзгеруіне  және
табиғи ресурстардың жетіспеуіне қарамастан 2020 жылы Қытай ауыл шаруашылығы саласында
алдыңғы күшке айналуы қажет.
Қазіргі уақытта және алдыңғы жылдарда ауыл шаруашылығының басты дамуы:
1)  ауыл  шаруашылығы  мүддесінде  саясатты  нығайту,  жақсарту  мен  қарқындату  және
едәуір көбейту;
2)  ауыл  шаруашылығы  өнімінің  басты  түрлерін  негізгі  жеткізулерге  кепіл  беру  және
шаруалардың табысын көбейтуге белсенді жәрдемдесу;
3)  ауыл шаруашылығындағы инфрақұрылымдық құрылыс басымдығы және осы сектор-
дың өндірістік жағдайын жетілдіруді тездету;
4)  ауыл  шаруашылығын  дамытуда  ғылым,  техника  және  адам  ресурстарының  маңызын
күшейту және қоғамдастырылған қызметті барынша дамыту;
5)  ауылда  неңізгі  шаруалар  жүйесін  тұрақтандыру  және  жетілдіру,  ауылда  реформаны
тұрақты тереңдету болып табылады.
2007  жылы  Қытай  Үкіметі  ауыл  шаруашылығын  қаржылай  қолдауды  күшейтуін  жал-
ғастырды.  2006  жылдың  осындай  кезеңімен  салыстырғанда  63%-ға  өсіп,  2007  жылы  ауыл
шаруашылығы қажеттілігіне тікелей жалпы субсидиялар 59 млрд. АҚШ долларына жетті [8].
Қытай  Ауыл  шаруашылығы  министрлігі  2007  жылдан  бастап  қазіргі  заманғы  ауыл  ша-
руа шылығын  дамытуға  бағытталған  «он  бағдарламаны»  іске  асыра  бастады,  атап  айт-
қанда:
1)  астық өндірісінің мүмкіндіктерін шоғырландыруды жақсарту;
2)  экологиялық таза мал шаруашылығы және балық шаруашылығының дамуын ынта лан-
дыру:
3)  тиімділігі  жоғары  техникалық  дақылдар  өндіруді  және  бау-бақша  шаруашылығын
дамыту;
4)  ауыл шаруашылығы өнімінің сапасын бақылауды күшейту;
5)  ауыл  шаруашылығы  өндірісіне  ғылыми-техникалық  жетістіктерді  енгізу  және  жаңа
үлгідегі шаруаларды дайындау;
6)  аграрлық  сектордағы  индустрияландырылған  шаруашылық  жүргізу  және  ұйымдас-
тырылған өндіріс деңгейін жоғарылату;
7)  циклі тұйықталған ауыл шаруашылығы өндірісін кең тарату;
8)  қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы жабдықтарын енгізу;
9)  құс тұмауы секілді індеттерге қарсы күрес;
10)  үлгі көрсететін жаңа социалистік ауылдар жасау.

208
Ресей, Қазақстан, Беларусь мемлекеттері арасындағы Еуразия Экономикалық Қауым дас-
тығының құрылуына үш ел арасындағы Кедендік Одақ аясындағы интеграция алғы шарт болды
десек, дәл осы процестерді Еуропалық Одақ бастан кешірді деуге толық негіз бар. Қазіргі таң-
да Еуропалық Одақ елдерінде тауарларға қойылатын негізгі талаптар унификацияланып, ор-
тақ стандарттар мен техникалық нормалармен өндірілген тауар Еуропалық Одақ құрамында-
ғы елдерде еркін саудаға түсе алады. Қазіргі таңда бұл Одақтың жеткен жетістігі ретінде тек
тауар ғана емес, сондай-ақ капитал  және жұмыс күші ретінде адамдар да еркін еңбек етуге
мүмкіндік алған. Егер Еуразиялық Қауымдастық елдерінде де осы жағдай орын алса, кәсіп-
керлерге мол мүмкіндіктер ашылайын деп тұр.
Қазіргі  таңдағы  Қазақстан  аграрлық  саласындағы  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдаудың
әлемдік тәжірибесін мықтап меңгеріп, ол шараларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, жоғарыда
атап  өткен  АҚШ-дағы  Шағын  Бизнес  Әкімшілігіне,  оның  негізгі  қызметтерін  Қазақстан
мысалында атқарып отырған «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорын құруы, бизнес инкубаторлар
мен технопарктердің ашылуы кәсіпкерліктің, оның ішінде аграрлық кәсіпкерліктің дамуы мен
жандануына едәуір ықпал етуі тиіс.
Кәсіпкерлікті қаржыландыру, несиелендірудің әлемдік тәжірибесінде несие алушы немесе
қайтарымсыз қаржылай көмек алатын кәсіпорындар өз кәсіпорындары бойынша толық, әрі нақ-
ты мәліметтерді ұсыну қажет. Яғни, бизнесті ұйымдастырушылық, қаржылық, техникалық,сон-
дай-ақ кадрлық әлеуеті туралы ақпаратты толықтай көрсетуі тиіс. Мұндай ақпараттарды дамы-
ған елдерде, әдетте арнайы өкілетті органдардың немесе арнайы орталықтардың атқаруы мен
жасалынады. Бұл дегеніміз, кәсіпорын туралы обьективті ақпарат жинау, салынатын қаржының
тәуекелдігін анықтау, кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Біздің елімізде
де  осындай  арнайы  өкілетті  орган  құрса  артық  болмас  еді.  Ол  орган,  әрине  қаржы  бөлуші
орталықтар немесе қорлар жанынан емес, тәуелсіз эксперттік, арнайы, диагностикалық орталық
болу керек сияқты. Яғни, қарыз немесе несие алам деуші кәсіпорынның экономикалық әлеуетін
бағалап  қана  қоймай,  оған  кәсіпорынның  әлсіз  тұстарын  оңалту  бойынша  кеңестер  де  беру
қызметін  атқарса.  Қазіргі  таңда  Қазақстан  Ұлттық  Кәсіпкерлер  Палатасының  жұмысы  қыза
түсіп,  өзінің  негізгі  міндеттерін  тиісінше  атқарып,  кәсіпкерлер  құқын  қорғауда  белсенділік
танытып отыр. Нақты осы ұйымның негізгі міндеттеріне кәсіпкерлік субъектілерінің құқық-
тары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау, Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік  бастаманы  іске  асыру  үшін  қолайлы  құқықтық,  экономикалық  және  әлеуметтік
жағдайлар жасауға жәрдемдесу кіреді [9].
Соңғы ширек ғасырда әлемдік аграрлық саясатта, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету-
де  мемлекетік,  экономикалық  қауымдастықтырдың  бағдарламалары  нарық  заңдылықтарын
ауыл шаруашылық өнімдерінің сұранысы мен ұсынысына сай орайластырылуда. Тиісінше осы
саладағы қаржыландыру да бағдарламалар аясында атқарылуда. Қазақстан Үкіметі де әлемдік
тәжірибені ұстана отырып нақты қадамдарға баруда деп сенеміз.
Жоғарыда  аталған  шаралардың  іске  асуының  басты  ынталандыру  тетігі  қаржыландыру
болып отырғаны сөзсіз, осы ретте Қазақстандағы аграрлық кәсіпкерлікті қаржыландыру ұйым-
дарының қызметі ашық, нысаналы түрде жүргізілуі алға қойған міндет, мақсаттардың орын-
далуының кепілі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1  Оздоровление бизнеса: пер. с англ. – Москва: Альпина Бизнес Букс, 2006. – 172 с.
2  Қазақстанның аграрлық саласындағы кәсіпкерлік қызметін дамыту: экономика ғылымдары ның
докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация Баязитова Ш.Д., 2009. – 54 б.
3  http://www.sba.gov/: АҚШ-тағы шағын кәсiпкерлiктiң iстерiмен айналысатын Әкiмшiлiктің рес-
ми веб-сайты.
4  Марцинкевич В. Современные тенденции в экономике и политике США // Проблемы теории и
практики управления. – 2005. – № 3.
5  Обзор  торговой  и  сельскохозяйственной  политики  Канады:  www.fao.org/fileadmin/.../Trade_
policy_brief_Canada_RUS_final.pdf.
6  Смагулова А.О. О мерах государственной поддержки сельского хозяйства в Казахстане и зару-
бежных странах // Агроинформ. – Алматы, 2008. – № 5 (71). – С. 17–18.

209
7  http://europa.eu/: Еуро Одақтың ресми веб-сайты.
8  http://www.stats.gov.cn/: ҚХР Статистика Агенттігінің ресми веб-сайты.
9  Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Қазақстан Республикасы ның
2013 жылғы 4 шілдедегі № 129–V Заңы.
ӘDEBIETTER TІZІMІ
1  Ozdorovlenie biznesa: per. s angl. – Moskva: Al’pina Biznes Buks, 2006. – 172 s.
2  Қazaқstannyң agrarlyқ salasyndaғy kәsіpkerlіk қyzmetіn damytu: Jekonomika ғylymdarynyң doktory
ғylymi dәrezhesіn alu үshіn dajyndalғan dissertacija Bajazitova Sh.D., 2009. – 54 b.
3  http://www.sba.gov/: AҚSh-taғy shaғyn kәsipkerliktiң isterimen ajnalysatyn Әkimshiliktің resmi veb-
sajty.
4  Marcinkevich V. Sovremennye tendencii v jekonomike i politike SShA // Problemy teorii i praktiki
upravlenija. – 2005. – № 3.
5  Obzor torgovoj i sel’skohozjajstvennoj politiki Kanady: www.fao.org/fileadmin/.../Trade_policy_brief_
Canada_RUS_final.pdf.
6  Smagulova A.O. O merah gosudarstvennoj podderzhki sel’skogo hozjajstva v Kazahstane i zarubezhnyh
stranah // Agroinform. – Almaty, 2008. – № 5 (71). – S. 17–18.
7  http://europa.eu/: Euro Odaқtyң resmi veb-sajty.
8  http://www.stats.gov.cn/: ҚHR Statistika Agenttіgіnің resmi veb-sajty.
9  Қazaқstan Respublikasynyң Ұlttyқ kәsіpkerler palatasy turaly Қazaқstan Respublikasynyң 2013 zhylғy
4 shіldedegі № 129–V Zaңy.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет