Пәннің мақсаты- «Генетика» пәнінің басқа ғылымдармен байланысы бойынша практикалық негіздер мен білімге дағдыландыруды білім алушыларды үйрету, сонымен қатар өзіндік зерттеулер кезінде жас маманға қажет білім алушыларды генетикалық ойлауын дамыту. Өсімдіктерде генетикалық талдау жүргізудің негізгі ерекшеліктерін, өсіру үшін маңызы бар сандық белгілердің тұқым қуалау сипатын меңгеру қажет. Классикалық және қазіргі заманғы генетика жетістіктері негізінде тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары туралы жүйелі білімді қалыптастыру және алған ғылыми білімді адамның практикалық іс-әрекетінде түрлі аспектілерінде қолдану.
Пәннің негізгі міндеті - студенттер табиғатта өтетін процесстерге генетикалық ғылыми тұрғыда түсінікиеме бере алуы қажет. Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын, хромосомалық теория негіздерін, жыныс, популяция генетикасын, ген, геном, генофонд, белгі, тұқым қуалау, өзгергіштік, мутация ұғымдарын түсініп, мутация түрлерін және эволюциялық генетикасының негізгі ережелерін зерттеу міндетті.