ІY көрініс (Мәмбетпана,Жөнейт)
Мәмбетпана: Дүйімқараның нағашысының аулынан келген 6 тұтқын
жас жігіт, обалдары Дүйімқарада. Көкбөріге берілген аста сойылған
Ақтайлақтың терісі...Мәңгілік бастарына қапталды.
Жөнейт: 5 мәңгүртті ауылға алып қал, өле-өлгенше есігімізде құл
болсын, тезек терсін, мал бақсын, бұлар адамдықтан айрылған бос кеуде
пақырлар, ал ең кішкентайы, Дүйімқараның нағашысының кенже ұлы, соны
ауылының сыртына апарып тастаңдар. Көрсін, өз зұлымдықтарының
қайтарымын. Ақылынан мәңгі адасқан ұлдарын көріп тірідей көрге көмілсін.
Қайтарылған кек болсын!
(Түркімен сарбазы мәңгүртті алып келеді)
Достарыңызбен бөлісу: |