5
ТҮСІНІК ХАТ
Қазіргі заман талабына сай алғыр, батыл, өзін көпшілік алдында еркін
ұстай алатын, өз ойын, пікірін жеткізе алатын, өзіне сенімді, топпен,
ұжыммен жұмыс істей алатын, тез өзгермелі заманда қоғамға бейімделе
алатын, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда мектеп өмірінде
оқушылардың әртүрлі театр шығармашылығын қолдану өзекті болып
табылады. Жалпы білім беретін мектепте драмалық үйірмені енгізу мектептің
оқу-тәрбие үдерісіне тиімді болады, өйткені ұжым бірлесе жұмыс істейді,
мұғалім мен оқушы арасында мәдениетті қарым-қатынас туындайды. Актер-
өнерпаздардың позициясымен таныса отырып оқушының танымдық, рухани,
эмоционалды, еңбек тәжірибесін қалыптастырады және дамытады. Театр
шығармашылығы оқушыларды өнерге деген қызығушылығын арттырады, ой-
қиялын, зейін, есте сақтау сияқты қабілеттерін арттырады. Ұжымда жағымды
психологиялық
атмосфераны
қалыптастырады.
Үйірме
жұмысы
оқушылардың бір-бірімен тіл табыса білуі, өз ойларын, білімдерін ортаға
салып, өз білгенін басқалармен бөлісе білуге үйретеді. Мұғалім көмегімен
жас әртістер өз рөлдерімен жұмыс істейді, сөздерін жаттайды, оның дұрыс
оқылуы мен дыбысталуын, интонация тазалығы, анық артикуляция, мимика,
суреттің дәл ритмикасын келтіре отыра көркем образды ашады. Рөлдерді
бөлу мұғалім мен оқушының келісімі бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: