58
Бала:
-
Әке,келе жатқан аттылы адамдар секілді.Әдемі сәйгүліктер, ер-
тұрмандары жалтырайды.
Тайлан:
-
Ол біздің Әбілқайыр хан ғой!Кіндік әкең келе жатыр,алдынан
жүгір,балам!
Бала:
-
Ассалаумағалүйкум,хан ата!
Әбілқайыр хан:
-
Уағалүйкум-ассаләм!
-
Тфу!Тфу!Тіл-аузым тасқа!Кісі артын көріп қартаяды екен!
Тайлан:
-
Қош келдіңіз!Төрлетіңіз!
-
Сусап келген шығарсыз?Ақтан алып отырыңыз!
-
Жәй келмеуші едің!Түс жорытқалы келдің бе, бал аштырғалы келдің
бе?
Әбілқайыр хан:
-
Көңілімді күпті еткен түс жорытуға келдім.
Тайлан:
-
Айт. Ендеше түсіңді жорыйын!
Әбілқайыр хан:
-
Басы бес әліп,ортада сегіз әліп,аяқта сегіз әліп,жүрегі мен босағасы жұп
түсіп,қалғандары ұйыспай,шілдің құмалағындай шашылып жатқанды,не
деуші еді?
Тайлан:
-
Іздеген жоғың болса, хабары шыққанмен, қолыңа тиер-тимесі
белгісіз.Ал,енді сапардағы жолаушыңа бағыштасаң, белдеуге ат басын тіреп
келіп қалыпты, бірақ жүрегінің басында бір зіл бар ма қалай...
Қуаныштан күпті ме,әлдебір күдік пе...Не де болса,келуі келіп-ақ
қалды...
Әбілқайыр хан:
-
Жә,шаруам осы!Біз ауылға аттанайық!
Тайлан:
-
Ендеше,жолыңыз болсын!
Әбілқайыр хан:
-
Мына батырда өсіп қалыпты ғой!
Тайлан:
-
Хан ата,мен асау тай үйретіп жүрмін!
Достарыңызбен бөлісу: