Қазақстан республикасының


Бәйбіше:  Қазір, ақсақал.   Басқарма



Pdf көрінісі
бет16/79
Дата31.12.2021
өлшемі2,24 Mb.
#21633
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79
Байланысты:
Үйірменің-бағдарламасы-түзетілген (1)

Бәйбіше:  Қазір, ақсақал.  

Басқарма:Ал,былайырақ тұрыңдар, балаларға орын беріңдер. Жүріңдер, 

айналайындар, бері жүріңдер. 



Басқарма:-Ал, Дәуренбек, дүкіметіңді оқы, балалардың мән-жайын айт. 

Дәуренбек: Басекең дұрыс айтады, баланың саны алтау. Смирна тұрып, 

внимательна  тыңдаңдар.  Мен  таныстырып  шығайын.  Стройдың  басында 

тұрған екеу– қазақ балалары, үлкені сегізде, кішісі алтыда, мынаусы- Нартай, 

анау–Ертай,  екеуі  ағайынды.  Бұлардан  соң  татар  баласы,  аты  –  Рәшит, 

жетіде.  Көзі  сығырайған,  жалпақ  бет,  тақыр  бас  қара  –  қыз  бала,  қалмақ,  я 

дүнген,  жасы  алтыда.  Қасындағысының  аты  -Яков,  тоғызда,  қолағаштай 

мұрнына  қарағанда  жойыт  тәрізді,  бірақ  документте  орыс  деп  жазылған; 

қайдан кеп,қайдан тұрғаны белгісіз әрі мылқау. Ең соңындағы–жаңа алдымен 

шыққан қасқа, жетіде. Сіздерден жасыратын несі бар, тегі жаман неміс. Бұл 

баланың  орны  детдом  емес  еді,  әке-шешеден  бірдей  айырылып,  панасыз 

қалған екен. Үкіметтің кеңшілігі көп. Енді осы араға келіп тұрған жайы бар. 

Мен болдым, басеке, сөз өзіңіздікі.  



Басқарма:  Сөз  дейтін  не  сөз  бар...  Осы  ауылдан  соғысқа  сайдың 

тасындай  қырық  үш  азамат  кетіп  еді.  Әзірге  оралғаны  екеу-ақ.  Дәуренбек 

қолдан, Берден аяқтан айырылып қайтты. Жиырма төртінен қара қағаз алдық. 

Хабарсызы қаншама. Тегіс жетімбіз. Жетім болмасақ, жетпіске келген Ахмет 

күндіз  мал  қарап,  түнде  күш  көлік  бағама.  Әйтеуір  артының  қайырын 

берсін...  Сөз  дейтін  не  сөз  бар,  біз  баладан  айырылсақ,  мына  алдарыңда 




25 

 

тұрған  –  атадан  айырылған  жетімдер.  Екі  жарты  –  бір  бүтін... 



(кемсеңдеп,сөзінің артын жұтып,көз жасын көрсетпеу үшін теріс айналады) 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет