Қайын сіңлісі:
Олай болса, жүріңіз. Жол ұзақ, күн болса мынау. Мен сізді шығарып
салайын.
Найман ана:
-
Ақмая жолға жарайма екен?
Қайын сіңлісі:
Жарайды ғой, жеңеше.
III көрініс
Найман ана:
Ұзақ жол жүрдім. Сарыөзекте жақын... Саудагерлердің айтқан мәңгүрті
менің ұлым болса екен. Аман болса болды өзі, мәңгүрт болса бола берсін...
Жоқ! Мен не айтып тұрмын! Мәңгүрт болмай-ақ қойсын. Мәңгүрт деген азап
қой... Мынау кім? Бұл менің ұлым ғой! Жоламан, мен сенің анаңмын ғой,
олар саған не істеген?Кел отыр, сөйлесейікші. Жоламан, мен сенің анаңмын.
Сенің... атың кім?
Мәңгүрт:
-
Мәңгүрт...
Найман ана:
-
Мәңгүрт емес, бұрынғы атыңды сұрап тұрмын. Сенің атың Жоламан!
Тым болмаса,әкеңнің аты кім? Елің, жерің қайда? Руың кім? Сенің атың-
Жоламан, Әкеңнің аты-Дөненбай. Сен мұнда келгенде күн бе еді,әлде түн бе
еді?
Мәңгүрт:
-
Ештеңе де.
47
Найман ана:
-
Сен мұнда келгенге дейінгі оқиғаны білесің бе?
Достарыңызбен бөлісу: |