IV көрініс
(жоңғар әскерлері)
Жоңғар қоңтайшысы: Ана жалғыз қалған үй кімдікі барып біліп
келіңдер, Жоңғардың қылышынан қорықпай отырған қандай жүрек жұтқан
екен?
Шабарман: Құп болады, қазір ол есуастың басын алдыңызға домалатып
әкелеміз.
V көрініс
Жоңғар: Не істеп отырған адамсың? Жалғыз үй... Ауыл көшіп кеткен..
Әлде жоңғардың қылышы ағашқа айналып кетті деп отырсың ба?
Төле би: Мен қазақ, сен жоңғар. Мен үлкен, сен жасы кіші жігітсің.
Алдымен үлкенге сәлем беру керек. Содан кейін жөн сұра да, басымды ал!
Жау болсаң да амансың ба? Енді жөнімді айтайым. Биыл шаңырағыма
қарлығаш ұя салған екен. Балапандары қанаттанғанша үйімді бұзбайын деп
шештім. Жау жағадан алды екен деп ұясын бұзып, балапандары шырылдатқым
келмеді. Сендердің де үйлеріңді ойран етіп, бала-шағаларыңды шырылдатса,
өздеріңе жақсы болар ма еді? Солай деп ханыңа айтып бар!
/ Сасқалақтаған жоңғар әскері шығып кетеді./
VI көрініс
/музыка әуені ойналады. Жоңғар қонтайшысы ханға түсіндіріп жатады. /
Достарыңызбен бөлісу: |