Қазақстан республикасының



Pdf көрінісі
бет68/79
Дата31.12.2021
өлшемі2,24 Mb.
#21633
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79
Байланысты:
Үйірменің-бағдарламасы-түзетілген (1)

Әбілқайыр хан: 

-

Жол-жөнекей соққан елдерің не дейді? 



Мырзатай: 

-

Олардан  хабар  болып  жатса,  өзім  де  айтар  едім  ғой.Сол  баяғы 



қаңқу.Патша оларды елге жібермей ұстап қапты дейді. 

Мырзатай: 

-

Апа, қымызыңыз бар ма,қаталап келдім. 



Бәйбіше: 

-

Алағой,Мырзатай. 



Әбілқайыр хан: 

-

Жә,жолаушылардың хабарын айт! 



Мырзатай: 

-

Хан-ием,жолда Тайланға қондым.Жездеңе сәлем айт деп еді.Мойныма 



борыш болмасын. 

Әбілқайыр хан: 

-

Баласын көрдің бе? Өсіп пе? 



Мырзатай: 

-

Өскеде қандай,аттың құлағында ойнайды! 



Әбілқайыр хан: 

-

Жә!Сәйгүліктерді дайында, Тайланның ауылына аттанайық! 



 

II көрініс 

Ауыл сырты.Тайланның ауылы.Алыстан ат дүбірі естіледі. 



Тайлан: 

-

Балам,ана жақтан бір шаң көріне ме?Көріп келші,балам! 




58 

 

Бала: 

-

Әке,келе  жатқан  аттылы  адамдар  секілді.Әдемі  сәйгүліктер,  ер-



тұрмандары жалтырайды. 

Тайлан: 

-

Ол  біздің  Әбілқайыр  хан  ғой!Кіндік  әкең  келе  жатыр,алдынан 



жүгір,балам! 

Бала: 

-

Ассалаумағалүйкум,хан ата! 



Әбілқайыр хан: 

-

Уағалүйкум-ассаләм! 



-

Тфу!Тфу!Тіл-аузым тасқа!Кісі артын көріп қартаяды екен! 



Тайлан: 

-

Қош келдіңіз!Төрлетіңіз! 



-

Сусап келген шығарсыз?Ақтан алып отырыңыз! 

-

Жәй  келмеуші  едің!Түс  жорытқалы  келдің  бе,  бал  аштырғалы  келдің 



бе? 

Әбілқайыр хан: 

-

Көңілімді күпті еткен түс жорытуға келдім. 



Тайлан: 

-

Айт. Ендеше түсіңді жорыйын! 



Әбілқайыр хан: 

-

Басы бес әліп,ортада сегіз әліп,аяқта сегіз әліп,жүрегі мен босағасы жұп 



түсіп,қалғандары  ұйыспай,шілдің  құмалағындай  шашылып  жатқанды,не 

деуші еді? 



Тайлан: 

-

Іздеген  жоғың  болса,  хабары  шыққанмен,  қолыңа  тиер-тимесі 



белгісіз.Ал,енді сапардағы жолаушыңа бағыштасаң, белдеуге ат басын тіреп 

келіп қалыпты, бірақ жүрегінің басында бір зіл бар ма қалай... 

Қуаныштан  күпті  ме,әлдебір  күдік  пе...Не  де  болса,келуі  келіп-ақ 

қалды... 



Әбілқайыр хан: 

-

Жә,шаруам осы!Біз ауылға аттанайық! 



Тайлан: 

-

Ендеше,жолыңыз болсын! 



Әбілқайыр хан: 

-

Мына батырда өсіп қалыпты ғой! 



Тайлан: 

-

Хан ата,мен асау тай үйретіп жүрмін! 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет