4 СОБӨЖ Ә.Тәжібаев поэзиясынан троп түрлерін теру (Картотека)
Өздік жұмысының мақсаты: Көркем талдауға баулу.
Әдістемелік нұсқау: Қ.Жұмалиев айтқан бес түрлі жолмен жасалатын метафора түрлерін, метонимия мен синекдоханы Ә.Тәжібаев поэзиясынан табу. Ә.Тәжібаев поэзиясында кездесетін теңеулердің жасалу жолдарына көңіл аударыңыз.
5 СОБӨЖ. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы (Ауызша)
Өздік жұмысының мақсаты: Ә.Нұрпейісовтің шығармашылық
шеберлігін таныту.
Әдістемелік нұсқау: Дәуір тынысын 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінен бастап, Колчак, Дулатов армияларының талқандалған шағына дейінгі мерзім кең қамтылып суреттеледі. «Қан мен терде» басқа туындыларда аталып қана өтетін патшашыл ақ әскерінің тіршілік келбеті мейлінше толыққанды бейнеленеді. Романдағы авторлық мақсат, сюжеттік арналар, көркемдік зерттеу нысаны жаңа. Ә.Нұрпейісов сан алуан қасиеттерімен қалыптасып болған әлеуметтік-психологиялық талдау өнерінің қазақ топырағындағы жетілген өресін танытады. Трилогияның сюжеттік-композициялық желілері де бір бағытта өрістегенімен, авторлық, лирикалық шегіністер роман оқиғаларын жаңа сапалармен толықтырады, қаһарманның есею үдерісін (процесс) ашатын, белгілі әрекеттердің психологиялық дәлелдемесін дайындаушы мәнді детальдар қызметінде жүреді.