Қазақстан республикасының


Дидактиканың зерттеу пәні



бет11/56
Дата06.01.2022
өлшемі152,84 Kb.
#15343
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері , барысы , нәтижелері. Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика- оқытудың жалпы заңдылықтарын , принциптерін қарастырады. Жеке дидактика- жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарай оқыту әдістемесі деп аталады.М-ы: тарихты оқыту әдістемесі.

Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметі: білім беру оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау,жаңа технологияларды жасап енгізу.

Дидактика жалпы педагогиканың категорияларын пайдаланады.Сонымен қатар, өз категориялары бар: білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері,әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.

Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.

Оқыту мазмұны – еңбек ету үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі.Ол- оқытудың нәтижесі болатын білім,дағды, білік, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.

Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударатын болсақ:

1)Оқыту – мақсатты процесс. Оның басты мақсаты қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.

2)Оқыту – таным процесі.Оқушыда білімге деген қызығушылығы артқан сайын оның таным ерекшелігі де арта түседі.Оқытудың міндеті- оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.

3)Оқыту – даму негізі. Пед. процесс өзіне тән негізгі екі белгіні:организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.Негізінен оқушының жалпы психикалық дамуы – оқыту мен өздігінен оқуына тығыз байланысты.

4)Оқыту – екі жақты процесс. Ол оқушы мен оқытушыныңөзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс.Өйткені, оқыту- мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.

5)Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз ету үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған, түрде жүзеге асырады. Оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған қарай өзгертіп отырады.

6)Оқыту – күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен творчествалық қабілетін , яғни біліктілігі мен дағдысын дам

ыту негізінде жүзеге асырылады.Жеке тұлғаға комплексті ықпал жасауды көздейді.

Осының негізінде, оқыту процесінің бірінші қызметі – оқушыға білім беру.Ол оқушыны ғылым негіздеріне сай нақты фактілермен,қағида және түсініктермен заңдылықтармен қаруландырады және қоршаған орта құбылыстарына олардың ғылыми көзқарастарын қалыптастырады. Екінші қызметі – тәрбиелеу.Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципкенегізделіп, бірлікте қолданылады. Тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады. Үшінші қызметі – дамыту. Даму өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Дамудың қарқынды болуы білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланыст,даму- білім беру мен тәрбиелеу қызметінің нәтижелі болуына ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет