Қазақстан республикасының


-тақырып. Педагогиканың ғылымдық мәні. Педагогиканың әдіснамалық негіздері



бет2/56
Дата06.01.2022
өлшемі152,84 Kb.
#15343
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ»

1-тақырып. Педагогиканың ғылымдық мәні. Педагогиканың әдіснамалық негіздері.

  1. Педагогиканың ғылымдық мәні. Оның зерттеу аймағы.

  2. Педагогиканың көрнекті өкілдері.

  3. Педагогиканың негізгі зерттейтін проблемалары.

  4. Педагогикалық теориялардың метадологиялық негіздері.

Тәрбиенің негізі ұрпақтың болашақ өмірге дайындаудан басталады. Қоғамдық құбылыс өрістеген сайын, тәрбиенің мазмұны да өзгере бастайды. Ендеше, адамзат қоғамының белгілі кезеңінде, дәлірек айтсақ, құл иеленуші дәуірдің аяғына таман тәрбие қоғамдық қызметке айналып, арнайы тәрбиелеуші мекемелер пайда болып, кәсіби мамандықтарға балаларды оқытып, тәрбиелейтін адамдар шыға бастады. Біртіндеп тәрбиенің қоғамдық қызметі өрістеп, тәжірибе жинақтау, оны жүйелеу қажеттілігі туындады.

ХІІ-ғасырдың басына дейін педагогика филосфияның бір бөлігі ретінде қарастырылды. “Ғылымның қадір-қасиеті және жетілуі” деп аталатын Фрэнсис Бэконның трактаты Жариялануымен қатар, педагогика ғылыми білімдердің дербес саласы ретінде бөліне бастады. Осы ғасыр кезеңінде педагогиканың өзіндік статусы аса көрнекті чех педгаогі Ян Амос Коменский (1592-1670) еңбектерінде беки түсті. Ал оның теориялық идеялары әлі күнге дейін өзінің маңызын жойған емес. “Ұлы дидактика” – балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оларды ұйымдастырудың жолдары баяндалады. “Аналар мектебінде” адамгершілік тәрбиесіне, отбасы тәрбиесіне үлкен мән беріп, отбасы тәрбиесінің маңызын анықтайды.

Сондай- ақ, педагогика тарихында елеулі еңбегімен көрінген ғылым өкілдері: ағылшын педагогі Джон Локк (1632-1704), француз педагогі Жан Жак Руссо (1712-1781), швед педагогі Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827), неміс педагогі Адольф Дистерверг.

Д.Локк тәрбиенің психологиялық негіздеріне және адамгершілік қалыптасу мәселелеріне үлкен мән берді. Баланы “таза тақтамен ” теңеді. Ж.Ж.Руссо, тәрбие баладағы тума қасиеттердің дамуына кедергі болмай, оған толық еркіндік беріп, оның қызығулары мен құмарлықтарын ескеру қажет екендігін айтты. Песталоцци педагогикада алғашқыфлардың бірі болып тәрбие мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің маңыздылығын көре білді. А. Дистерверг өзінің идеяларын прогрестік-демократиялық бағытта өрістете отырып, балалардың оқу жұмысының белсенділігін арттыру, шәкірттердің өзіндік оқуына мән беру, халық мұғалімдерін дайындау мәселелерін көтерді.

ХҮІІІ-ғасырда германияда алғаш мұғалімдер даярлайтын арнайы оқу орындары ашылды.

Педагогика ғылымының ілгерлеуіне өз үлестерін қосқан орыс педагогтары: К.Д.Ушинский (1824-1870) ,Н.И.Пирогов(1810-1881), В.И.Водовозов(1825-1886), А.Ф. Лесгафт(1837-1909), Л.Н. Толстой(1828-1910) және т.б.

Педагогиканың шұғылданатын объектісі – жеке адамның дамуы мен оның арасында болған заңдылықтарды зерттеу және соның негізінде тәрбиелік жұмыстардың теориялық, әдістемелік проблемаларын шешу, яғни педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән мағынасын зерттейді. Бұл педагогика зерттейтін негізгі теориялық проблемаларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Олар:



  1. Жеке адамның арнайы ұйымдастырылған тәрбие жағдайында дамуы және қалыптасуының мән-мағнасы мен заңдылықтарын зерттеу;

  2. Тәрбиенің мақсатын анықтау;

  3. Тәрбиенің мазмұнын белгілеу;

  4. Тәрбие тәсілдерін зерттеу.

Педагогиканың ғылым саласы ретінде өрістеуіне себеп болатын - әдіснамалық шарттар.

Ғылым әдіснамасы бұл-табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болатын әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндермесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы.

Негізінен екі әдіснамалық идея бағытының маңызы үлкен. Әдіснамалық алғы шарттарының ішінде аса маңыздыларының бірі тәрбиенің барша табиғи және қоғамдық құбылыстар сияқты себепті-салдарлы байланыс сипатында екендігі.

Бұнда-тәрбие қоғамның және оның даму бағытының қажетінен туындайды.

Материалистік тәрбие теориясының шешімі үшін ең маңызды идея – бұл адамның жеке тұлға болып дамуының көзі тіршілік иесінен сыртта, әрі оның қалыптасуы “әлеуметтік” бағдарламаға сәйкес, қоғамдық ықпалдың соның ішінде тәрбиенің нәтижесінде қалыптасады. Мұнда жеке тұлғаның жандүниелік белсенділігі жоққа шығарылмайды.

Бүгінгі педагогика тағылымы қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарына жүгіне отырып қоғамдық ілгерлеуге қызмет ету кажеттігін, адамды қоғамның ең жоғарғы құндылығы деп тануды міндет санайды. Бұл жағдайда әрине идеалистік бағыттарды да, имандық шарттарды да өз орнымен үйлесімді пайдалану қажет.

Педагогика өзінің ғылыми қалыптасуында философия, тарих, этнография, эстетика, әлеуметтану және т.б. ғылымдардың идеяларын пайдаланып жетілуде.

К.Д.Ушинский педагогикалық антропология еңбегінде былай деген: “Егер педагогика адамды әр тараптан тәрбиелегісі келсе, ол ең алдымен сол адамды жан жақты танып алу тиіс” дейді.

Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі және үнемі жетіліп отыруында. Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі жәрдемімен алға басуда. Бұларға педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педагогикалық тәжірибені үйрену және қорытындылау, әлеуметтік талдау, математикалық статисканы талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткізу.

Қандай да болмасын ғылым саласы өзінің мазмұны мен теориялық жүйесінің толығуына және зерттеу бағыттарына сәйкес жеке салаларға таратыла бастайды.

Өз алдына дербестік сипатқа ие болған педагогика салаларын келесідей бөлуге болады.


  1. Жалпы педагогика.

  2. Мектеп жасына дейінгі балалар педагогикасы.

  3. Мектеп педагогикасы.

  4. Судро, тифлопедагогика, олигофренопедагогика.

  5. Жеке пән әдістері.

  6. Педагогика тарихы.

Сонымен қатар, жаңа педагогика салалары да даму үстінде: мектептану, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, басқару педагогикасы, ішкі істер органдарының педагогикасы. Дербес педагогикалық пән ретінде әскери педагогика, жоғарғы мектеп педагогикасы, кәсіби техникалық білім беру педагогикасы да өзінің маңыздылығы жағынан басқа салалардан кем түспейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет