Қазақстан Республикасының Заңы Білім туралы



бет22/32
Дата01.04.2022
өлшемі0,58 Mb.
#29550
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Байланысты:
білім туралы заң

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) қысқартылған оқыту мерзімімен білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгілік ережесінде өзгеше көзделмесе, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастыру;

4) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде оқытудың кредиттік технологиясын және қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу;

5) ұлттық бірыңғай тестілеу мен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беруді қоспағанда, білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестатталуын жүргізу;

6) өз қаржы қаражаттары шектерінде мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдық айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер белгілеу;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

8) білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) ұсыну;

10) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерін тарту;

11) білім алушыларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;

12) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктер мен материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақтылы берілуін қамтамасыз ету;

13) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді асырау және олардың тіршілік ету жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету;

14) қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу;



2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті табыс ету;

16) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17) жоғары оқу орындарында білім алушыларға «бакалавр» және «магистр» академиялық дәрежелерін беру;



2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды

18) кадрларды кәсіптік даярлаудың қазіргі заманғы нысандарын енгізу жатады.



2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымы білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын өз бетінше бекітеді.



2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымдары білім беру қызметін өз бетінше әзірлеген білім беретін оқу бағдарламалары, білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның арақатынасы, оқу жүктемесінің нормалары, еңбекақы төлеу нысандары мен мөлшерінің негізінде жүзеге асырады.

 

44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару



1. Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиісті үлгідегі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелері мен білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жеке-дара басқару және алқалылық принциптерімен жүзеге асырылады.

2. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады.

3. Лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қоспағанда, білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік орта білім беру ұйымының басшысы лауазымға конкурстық негізде тағайындалады.

4. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет