Қазақстан Республикасының Заңы Білім туралы



бет24/32
Дата01.04.2022
өлшемі0,58 Mb.
#29550
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Байланысты:
білім туралы заң

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға;



2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;



2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;

10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;

11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.

4. Меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің:

1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге;

2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметке шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар.

5. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда білім алушыға академиялық демалыс берілуі мүмкін.

6. Азаматтар бітірген білім беру ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, келесі деңгейдегі білім беру ұйымына түсу кезінде бірдей құқықтарға ие болады.

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды

6-1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» бітіргеннен кейін білім туралы құжат алған адамдарға білім беру гранттарын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы сертификаттар береді. Сертификаттардың балдары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін шәкіл бойынша қорытынды бағаларды (балдарды) ауыстыру арқылы белгіленеді.



2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды

6-2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы осы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) қатысушылары (ерекше үлгідегі аттестат және «Алтын белгі» белгісін алуға үміткер түлектерді қоспағанда) білім беру саласындағы уәкілетті орган қорытынды бағаларды сертификаттар баллына ауыстыру негізінде берген ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері туралы сертификаттар алады. Білім алушының жылдық бағаларын сертификаттар баллына ауыстыруға арналған шәкілді білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы (кәсіптік лицейлердің оқушыларынан басқа) студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия төленуі мүмкін. Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Мемлекеттiк атаулы стипендия жоғары оқу орындарының неғұрлым дарынды магистранттарына және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушыларына жоғары оқу орындары ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленеді.

Көзі көрмейтін мүгедектердің және құлағы естімейтін мүгедектердің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған балалардың, сондай-ақ кезекті аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша «үздік» деген бағаға ғана оқитын студенттер мен магистранттардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жоғары мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар.

Жеке және заңды тұлғалар тағайындайтын атаулы стипендиялар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысаны бойынша білім алушыларға тағайындалады.

Атаулы стипендиялардың мөлшерін және оларды төлеу тәртібін оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды.

8. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9. Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған білім алушыларды білім беру ұйымдары өздері белгілеген тәртіппен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етеді.

10. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.

11. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушы және (немесе) тәрбиеленуші жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады.

12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңілдіктер беріледі.

13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың қысқы және жазғы каникул кезінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар.

14. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.

15. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет